28 мың мұғалім терроризм күдігімен қызметтен қуылды

Сәрсенбі, 21.09.2021

Астана. 21 қыркүйек. E-ISLAM – Түркияда террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен 28 мың мұғалім қызметтерінен қуылды. Тағы 10 мың педагог осы айып бойынша жұмыстарынан аластатылған.

Бұл мұғалімдердің барлығы террористік ұйымдармен байланысы бар деп айыпталып отыр. Қазіргі уақытта оларға қатысты қылмыстық тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, құқыққорғау органдарының нақты айыбы расталмай, 500 мұғалім қызметтеріне қайта қосылған. Айта кету керек, бұл операция мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру ісіне байланысты оппозициялық көзқарастағы азаматтарды қатаң бақылау мақсатында іске асырылған. Тамыз айындағы ақпарларға сәйкес, бүлік ұйымдастыруға қатысты ұсталған адамдар саны 16 мыңға жеткен. Қазір Түркияда Адам құқықтары жөніндегі Еуропа конвенциясы тоқталды. Жүздеген БАҚ жабылды.

Оқылды 761 рет
JoomShaper
Top