Сарапшылар содырлардың осал тұсын анықтады

Сейсенбі, 20.09.2021

Астана. 20 қыркүйек. E-ISLAM – Әскери сарапшылар ДАИШ террористік ұйымының осал тұстарын тапты.

Олардың айтуынша, содырлардың осал тұсы – шетелдік жалдамалы содырларда. Дәл осы нәрсе террористерді ыдыратуға ықпал ете алады.

«Еуропалық содырлар жергілікті салт-дәстүрлерді ұнатпайды, ал жергілікті содырларға шетелдіктердің бұл қылығы ұнамайды. Шетелдің содырлардың көп жағдайда жергілікті «қаруластарымен» қарым-қатынастары үйлесе қоймайды. ДАИШ ұйымына келер кезде оларға жергілікті тұрғындарға күш көрсетуге үлкен еркіндік уәде етіледі, алайда шын мәнінде олар күткендей болмайды» деп жазады «Юлландс-постен» дат басылымы сарапшылар пікіріне сүйене отырып.

Сарапшылардың пікірінше, терроризмге қарсы күресте уақыт өте ДАИШ ұйымы содырларының өзара келіспеушіліктері мен ішкі қақтығыстарының өзі жеткілікті болуы мүмкін.

Оқылды 396 рет
JoomShaper
Top