Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

Дүйсенбі, 29.09.2021
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

Ахмет Иассауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.

Ахмет  Иассауи  кесенесі  Түркістан  қаласында  XIV  ғасырдың  соңында  тұрғызылған  архитектуралық  ғимаратҚожа  Ахмет  Иассауи  дүние  салғаннан  кейін  халықтың  көп  жиылуымен  өзіне  арнап  соғылған  кішкене  мазарға  жерленеді.  Кейін  бұл  кесене  мұсылмандардың  жаппай  тәуеп  ету  орнына  айналды.

Түркістан  қаласындағы  Ахмет  Иассауи  ғимараты  –  орта  ғасырлық  сәулет  өнерінің  көрнекті  ескерткіші.  Ол  XII  ғасырда  өмір  сүрген  бүкіл  Шығысқа  аты  әйгілі  көне  түркі  ақыны,  софизмді  уағыздаушы  Ахмет  Иассауидің  (Яссы-дан  шыққан  деген  мағынада)  бейітінің  басына  орнатылған.

Оңтүстік  Қазақстанда  Сайрам  деген  жерде  туған  Ахмет  Иассауи  сол  кездегі  ғылым  мен  ағартудың  орталығы  ретінде  белгілі  болған  Отырар  қаласында  білім  алады  да,  кейіннен  Бұхардағы  Юсуп  Хамадани  басқарған  сопылар  қауымына  кіріп,  дәруіштік  мектептен  өтеді.

1140  жылы  Юсуп  Хамадани,  кейіннен  оның  екі  мүриті  дүние  салған  соң  қауымды  Ахмет  Иассауи  басқарады.  Бірақ  көп  ұзамай-ақ  «мәртебелі»  қызметін  тастап,  өзінің  туған  өлкесіне  біржола  қайтып  оралады.  Софизм  иддеяларын  уағыздап,  өзі  де  оны  берік  ұстана  отырып,  жоқшылықта  өмір  сүреді.  Сондықтан  да,  оны  жергілікті  халық  Әзірет  Сұлтан  деп  атап  кетеді.

Ахмет  Иассауидің  уағыздаушы  және  ақын  ретінде  атағы  кең  жайылып,  оның  «Диуани  Хикмат»  («Даналық  жайындағы  кітап»)  атты  діни  өлеңдер  жинағы  көне  түркі  тілінде  жазылғандықтан,  жергілікті  халыққа  түсініктілігі  арқасында  талай  мәрте  қайта  көшіріліп,  бірнеше  рет  басылған...

Бұл  сияқты  уағыздық  өлеңдерінің  философиялық  және  діни-мисттикалық  мазмұны,  ондағы  жақсылыққа,  әділеттілікке  шақырған  үнмен  ұласады,  халықтың  қайырымдылық  сезімін  ояту,  оны  басқа  діндегілермен  жауласудан  сақтандырумен  қатар  дін  иелерінің  ашкөздігін,  зұлымдығын  әшкерелеумен  жалғасып  жатады.

Ахмет  Иассауидің  өлеңдері  құнды  әдеби  ескерткіш,  кейіннен  қазақ  халқының  құрамына  енген  қыпшақ,  оғыз,  қарлық  сияқты  көне  түркі  тайпалары  зерттеудің  көзі  болып  табылады.

Халық  аңыздарында  Түркістандағы  әулиенің  аруағын  атақты  қолбасшы,  бүкіл  Шығысты  тітіренткен  Ақсақ  Темірдің  айрықша  сыйлап  өткені  айтылады.  Оның  әмірімен  Ахмет  Иассауи  қайтыс  болғаннан  екі  жүз  жыл  кейін  қирап  бітуге  таянған  кішкене  ғана  мазардың  орнына,  дүние  жүзілік  сәулет  өнерінің  белгілі  ескерткіші  орнатылды.

Темірдің  өмірін  Зафарнама,  «Жеңіс  кітабы»  авторы  Шараф-ад  Дин  Әли  Мазди  растайды.  Ескерткіштің  салынуын  оның  Ахмет  Иассауидің  қабырына  зиядат  етіп  қайтқан  1397  жылдың  аяғындағы  оқиғалармен  байланыстарыды.  «Жеңістер  кітабында»  Темір,  сол  жылы  Яссыда  болған  кезінде,  мұнда  өзіне  қарайтын  елдердің  тегінде  Ахмет  Иассауидің  атына  лайық  зәулім  ғимарат  салу  жайлы  жарлық  берген  еді  делінеді.  Ол  ислам  дінінің  даңқын  асыруда,  оның  кең  таралуына,  аса  үлкен  өлкен  басқаруды  жеңілдетуге  тиіс  болған.

ХІV  ғасырдың  аяғында  бұл  күмбез  біткен  соң  Әмір  Темір  көреген  Әзірет  Сұлтанның  қорын  ұйымдастырып,  өзі  арнайы  қол  қойып  бекіткен.  Дегенмен,  Қазандықтың  ішкі  есіктерінің  біріндегі  халькаға  жазылған  «1394-1395  жылдар»  Темірдің  өзі  белгілеп  берген.  Бұл  –  ғимараттың  басқа  бөліктерінің  кіндігі.  Темір  уйдің  ішкі  сәні  мен  салтанаты  қалай  болуы  керегтігін  де  айтқан.  «Қолхаты»  (грамота)  жазылған.  «Қолхатта»  Әмір  Темір  көрегендікпен  жаңа  біткен  ғимарат  туралы  «ешқашан  да,  қандай  болған  жағдайда  да  сатуға,  жекеменшік  секілді  ұрпақтан-ұрпаққа  уақытша  немесе  түбегейлі  біреуге  беруге  болмайтынын  қатты  ескерткен».

Ғимараттың  кіре  беріс  есігінің  ішкі  маңдайшасында  қазірге  дейін  жақсы  сақталған  жазудан  мынадай  сөздерді  оқуға  болады:  «Бұл  әулие  мекен  алла  тағаланың  рахымы  жауған  падиша  Әмір-Темір  Көрегеннің  жарлығы  бойынша  орнатылды...  Алла  тағала  оның  әмірінің  ғасырлар  жасауына  нәсіп  етсін!»

Қожа  Ахмет  Иассауи  кесенесі  талай  ғасырдан  бері  мұсылманшылықтың  алтын  бесігі  болып  келеді.  Оны  бүкіл  қазақ  жұрты,  түркі  әлемі  ерекше  қасиет  тұтады.  Қожа  Ахмет  Иассауи  кесенесі  –  түркі  әлемінің  рухани  орталығы.

Қорық  –  мұражай  алып  жатырған  жердің  жалпы  көлемі  90  га.  Қорық  –  мұражай  Қожа  Ахмет  Иассауи  кесенесімен  бірге  Үлкен  қылует  (жер  асты  мешіті,  XII  ғ.),  Сегіз  қырлы  кесене  (XIV-XVI  ғғ.),  Ұлықбектің  қызы,  Әбілхайыр  ханның  зайыбы  Рабиға  Сұлтан  Бегім  кесенесі  (XV  ғ.),  Шығыс  моншасы  (XVI-XVII  ғ.),  Есімхан  кесенесі,  Жұма  мешіті  т.б.  археологиялық,  тарихи,  сәулет  және  бейнелеу  өнерінің  үздік  ескерткіштерін  қамтиды.

Қорық  –  мұражай  құрамына  кіретін  20  жуық  археологиялық,  тарихи  және  сәулет  ескерткіштерін  қайта  қалпына  келтіру  және  оларды  ашық  аспан  астындағы  музейге  айналдыру  «Казреставрация»  Республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны  атқаруда.  АхметИассауи  ескерткіші  –  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  біздің  занамызыға  дейін  сақталған  ең  зәулім  күмбезді,  қыштан  соғылған  ғимарат.  Оның  көлдененеңі  –  46,5  м,  ұзындығы  –  62,5  м.  Сыртқы  көрінісі  симметриялы  жинақы  келген  бұл  құрылысқа  үлкенді-кішілі  35  залдар  мен  бөлмелер  сыйып  тұр.  Олардың  барлығы  бір-бірімен  қос  қабатты  8  дәлізбен  және  әр  түрлі  өтпелі  баспалдақтармен  жалғасып  жатады.

Ахмет  Иассауи  ғимаратының  құрылымындағы  тағы  бір  ерекшелік:  Қазандықты  қоршаған  блоктар-залдар  мен  бөлмелер  күмбезді  мызғытпай  ұстап  тұратын  тіреу  (контрфорс)  іспетті.  Қабырғаның  қалындығын  белгілегенде  де  үйдің  берік  тұруы  көзделген.  Ғимараттың  павильондарда  бөлінуі  олардың  әрқайсысынің  салмағы  өзіне  түсіру  ниетінен  туған.  Үйдің  қаңқасы  түрліше  қиюластырылған  доға  немесе  күмбез  тәрізді  элементтерден  құрылады,  бұл  әдіс  кейін  Орта  Азия  мен  Қазақстан  архитектурасында  одан  әрі  дамытылды.

http://www.kondor-tour.kz/turkestan_svyashenii_kazakh

 

 

 

Оқылды 1740 рет
JoomShaper
Top