Бекет Ата жерасты мешіті

Жексенбі, 15.06.2021
Бекет Ата жерасты мешіті

Бекет Ата жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.

Бекет  Ата  жерасты  мешіті  -  Оңтүстік  Үстірттің  Маңғыстау  ойысына  тірелген  тұмсығының  үзіліп  қалған  Оғыланды  шоқысына  қашалған  тарихи-сәулет  ескерткіші.  Үш-төрт  қанат  киіз  үйдің  көлеміндей  үш  бөлме.  Дерекке  сүйенсек,  Бекет  ата  1750  жылы  туылып,  емші,  көріпкел  ғана  емес,  физика,  математика,  астрономия  заңдылықтарын  жақсы  білген  ғұлама  ретінде  аты  танылған.  Бұхарада  оқып,  ілім  жинаған  соң,  өз  өңіріне  қайта  келіп,  бес  мешіт  салдырады.  Жергілікті  дін  ғұламаларының  арасында  атақ-даңқы  өсіп,  Пір  атанады.  Пайғамбар  жасында  дүние  салады.  Бекет  атаның  мүрдесі  осы  жерасты  мешітіндегі  бөлмелердің  бірінің  іргесіне  қашап  орналастырылған.  Бұл  кенде  мешіт  басы  күні-түні  әулие  басына  зиярат  етушілерден  бір  арылмайды.

Өлкедегі  аса  қастерленетін,  ислам  әлемінде  әйгілі  ескерткіш  –  Оғыланды  жеріндегі  (Үстірттің  батыс  шыңдары)  Бекет-Ата  жерасты  мешіті.  Мешіт  Шопан-Ата  қорымынан  100  км  шығыста  орналасқан.  Бұл  жерде  қазақ  халқының  ұлы  данасы  Бекет  Мырзағұлұлының  өзі  жерленген.  Бекет  Мырзағұлұлы  1750  жылы  Атырау  облысының  Жылой  ауданы,Ақкиізтоғай  ауылында  дүниеге  келген.Ол  жастайынан  әдiл  және  адамгершілігі  мол  батыр  болып  өскен. 

Аңызға  сүйенсек,  жасы  үлкен  Шопан  атадан  рухани  бата  алып,  Хиуаға  оқуға  аттанған  Бекет-ата  медресені  аяқтап,  қырық  жасында  сопы  болып,  пір  (мұғалiм,  жетекшi)  атағына  ие  болады.  Өзінің  ғұмырында  әулие  Бекет-ата  Маңғыстауға  келіп  орныққанға  дейін  ұзақ  жолдарды  кешті.  Ол  адамдарды  емдеп,  балалардың  сауатын  ашты,  даулы  мәселелердi  шешуде  екi  жақты  келiсiмге  алып  келген  даналық  таныта  білді.  Бекет-ата  шындықта  өмiр  сүрiп,  әділ  болуды  және  жақсылық  жасауды  уағыздап  өткен.  Атаның  5  мешiт  тұрғызғаны  мәлім:  бiрiншiсі  Құлсарыдағы  –  Ақмешiт  деп  аталса,  екіншісі  Бейнеу  селосынан  17  шақырым  борлы  жартаста  Бейнеу  қорымында,  үшiншiсі  –  Үстірт  жазығындағы  Байшағыр  жерінде  делінеді,  сондай-ақ  Бозашы  түбегі   маңындағы  Тиген  елді  мекенінен  37  шақырым  қашықтықтағы  Тобықты  жеріндегі  және  өзінің  мәңгі  мекеніне  айналған  Оғыланды  тауының  ақборлы  жартасты  мүйісі  қабатынан  ойып  қашалған  мешіті.

http://el.kz/2436

 

 

 

Оқылды 3029 рет
JoomShaper