Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Тарихта екі Сухраберди бар. Қ.А.Ясауи қайсысының мүриті болған?

Жұма, 09.09.2021

Орта ғасырлық қолжазба «Насабнамада» осы жылы ЮНЕСКО көлемінде 850 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан Қ.А.Ясауи бабамыздың сопылық ілімді Сухраберди атты шейхтен үйренгендігі баяндалған. Тарихта екі Сухраберди бар. Қ.А.Ясауи қайсысының мүриті болған?

Тарихта  Иә, тарихтаӘбу Нажиб Сухраберди (1097 – 1168) және Әбу Хафс Омар Сухраберди (1144-1234) атты екі шейх өмір сүрген. Бұл екеуі бір-біріне немере туыс болып келеді. Осының алғашқысы Қ.А.Ясауи бабамыздың ұстазы болуы мүмкін. Бірақ, ол туралы нақты дерек жоқтың қасы. Ал, Әбу Хафс Омар Сухрабердидің өмір сүрген уақытына қарап, оны Қ.А.Ясауиге ұстаз болды деп айту қиын. Әсілі, Сухраберди атты сопылық тариқатты Әбу Нажиб Сухраберди негізін салған. Ол атақты Имам Ғазалидің (1058-1111 ж) шәкірті еді. Десе де, Сухраберди тариқатының қанат жаюына Әбу Хафс Омар Сухраберди көбірек еңбек сіңірді. Ол сопылық ілімді немере ағасы Әбу Нажиб Сухрабердидің Бағдаттағы ханакасында жүріп үйренген еді. Сухраберди тариқаты өзінің силсиласын былайша таратады:

  1. Мұхаммед (с.а.у)
  2. Әли ибн Әбу Тәлип
  3. Убейс ибн Әмір Қарани
  4. Муса ибн Язид Рай
  5. Ибрахим ибн Әдһам
  6. Шақиқ Балхи
  7. Әбу Әмір әл-Истаһури
  8. Әбу Жағфар әл-Хаддад
  9. Жунед Бағдади

10. Мимшад Динавери

11. Ахмет Динавери

12. Мұхаммед әл-Бакри

13. Кади Уажиһиддин

14. Әбу Хамид Ғазали

15. Әбу Нажиб Сухраберди

16. Әбу Хафс Омар Сухраберди

Сухраберди тариқаты негізінен Шафий мәзһабы қанат жайған өлкелерге таралған. Аббаси мемлекетінің халифасы ән-Насыр тариқат басшысы Әбу Хафс Омар Сухрабердиді ерекше құрметке бөлейді. Халифа ән-Насыр Анатолиядағы «Аһи» қауымдастығын өзіне қарату үшін Әбу Хафс Омар Сухрабердиді дипломат етіп жібереді. Тіпті, оның ән-Насырдың елшісі болып Орталық Азияға келгендігі туралы деректер де айтылады. Әбу Хафс Омар Сухраберди өз дәуіріндегі Абдулкадир Гейлани, Мұхиддин ибн Араби, ибнул Фарит және т.б. тұлғалармен тұрақты байланыс орнатып, Бағдаттағы бүкіл медреселер мен теккелерге басшылық жасаған сопылық ілімнің көшбасшыларының бірі болатын.

Әбу Хафс Омар Сухраберди «Аварифул Мариф» атты мұсылман әлеміне танымал еңбектің авторы. Сонымен бірге оның тафсир туралы да еңбектері бар. Әбу Хафс Омар қайтыс болғаннан кейін Сухраберди тариқаты Үндістан, Орталық Азия, Иран, Сирия, Анатолияға таралды. Оның «Иршад әл-Муридин» атты шығармасына Ясауия тариқатының Азизан тармағының өкілі шайхы Хұдайдат «Бахр әл-Улум» атты түсіндірме жазған. Әсілі, Қ.А.Ясауидің Сухрабердимен кездескені туралы «Насабнамадан» басқа ешқандай деректерде мәлімет айтылмайды. Бұл болжам Әбу Хафс Омар Сухрабердидің «Иршад әл Муридин» атты шығармасына түсіндірме жазған Ясауия тариқатының өкілі Хұдайдаттың «Бахр әл-Улумнің» еңбегінен кейін шыққан болуы мүмкін. Жалпы, «Бахр әл-Улум» шығармасы Сухраберди тариқатының Орталық Азияда танымал болуына мұрындық болды.

Оқылды 840 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top