Сәләфилік идеяның тарих сахнасына шығуы

Сенбі, 14.01.2022

ХІІІ ғасырда осы алғашқы саф мұсылмандықты көксеген, бірақ олармен салыстырғанда ақида және фиқһтық мәселелерде едәуір өзгешелікке ие сәләфилік идея тарих сахнасына шықты.

Бұл идеяның негізін ханбали мазһабының ғалымы Тақиуддин ибн Тәймие (1263/1328) қалады. Жалпы, қазіргі саләфилік қозғалыстың сенімдік һәм құқықтық дүниетанымы осы Ибн Тәймиенің мұраларынан бастау алады. Ол Шыңғысханның немересі Құлағу ұрпақтарының Таяу Шығыс елдеріне шапқыншылық жасаған кезеңде Шам қаласында өмір сүрді. Сонымен бірге, мұсылман әлемі бұл кезеңде саяси дағдарысты ғана емес, мәдени һәм доктриналдық тұрғыдан да тоқырауды бастан кешіріп жатқан-ды. Ибн Тәймие Хақ діннің үстемдігін қайта жаңғырту мақсатында сөз жүзінде сәләф-салихинды үлгі қылған, ал шын мәнінде Мушәббиһа өкілдерінің антропоморфизм (Ұлы Жаратушыны жаратылысқа ұқсату немесе жаратылысқа тән нұқсандықты Ұлы Жаратушыға телу) сеніміне еліктеп, өз постулатын ортаға қойған еді. Алайда, Ибн Тәймиенің сәләфилік идеясы өз дәуірінде ешқандай қолдауға ие бола алмады. Тек ибн Жәузийа (Ибн Тәймийәнің шәкірті, 1292-1350) секілді жекелеген ғұламалар ғана сәләфилік идеяны қолдап, бұл ілімді теориялық тұрғыдан дамытуға тырысты. 

Оқылды 211 рет
JoomShaper
Top