Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл сөзі мықты болуға, күшті болуға үндейді. Күштілік тек дене бітімінің мықтылығы емес, сонымен қатар, рухының күштілігі, білім, иман және сенімінің мықтылығы. Сонымен бірге, үстемдік пен жеңіске жету жолын іздеуге шақырады. Ислам – қуат, ғазиз және қадірлік діні. Ешбір жағдайда мұсылманның дәрменсіз, әлсіз, қор және көмпіс болуына жол бермейді. Шындығында, мұсылман – үстем адам. Құран Кәрімде: «...Ақиқатында, үстемдік – Аллада әрі Оның елшісінде және мұсылмандарда...», дейді. (Мұнафиқун сүресі, 8-аят) Расында, адамның жұдырықтай жүрегіне иман мен екіжүзділік, нұр мен қараңғылық бір мезетте сыймайды. Бірі тұрса, екіншісін ығыстырып шығарады.
Хунайн шайқасында мұсылмандардың басым көлігі майданнан қашқан сәтте аз адаммен Пайғамбар (с.ғ.с.) қашырына мініп алып, жаудың сапын жарып өтіп: «Мен – пайғамбармын, бұл өтірік емес. Мен – Абдулмутталибтың баласымын», деп асқан батырлық пен айбынын паш еткен.
Алла елшісі (с.ғ.с.) күшті мұсылманды әлсіз мұсылманнан артық деп айтуда. Өйткені, күш – үстемдікке жол төсейді. Күш – жеңістің даңғыл жолына алып барады. Алайда, мейірімділік пайғамбары айтқан күш бұлшық ет пен білек күші емес. Тән күшімен қоса ақыл-парасаттың өткірлігін, мінез-құлық пен мұсылмандық көркемдігін көрсететін күш.
Адам тән, жан және рухтың күштілігін бір арнаға түйістіре білсе дұшпанына сұсты, рухы үстем, қадір-қасиеті биік боп өмір сүреді. Әрине мұның барлығы, Аллаға тәукел ету және медет сұраумен қоса бірге болуы қажет.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) даналыққа тола сөздерін тілмен айтумен шектелмей, өмірілік ұстаным һәм тіршілік қағидасына ауыстыра бірсек, бақытты да қадірлі өмір сүреміз.
«Сүннет қазынасы»
Мұхаммед Әли Сабуни
Арабшадан аударған Руслан Қамбар, исламтанушы