ДАИШ-тің қанқұйлы он бір қылмысы

Бейсенбі, 14.04.2022

Әлемді дүрліктірген ДАИШ террорлық ұйымы аз ғана жылда адамзат өміріне қауіп төндіріп, бүтін бір елдің шаңырағын шайқап, қабырғасын сөкті. Шам жерінде тұтанған соғыс оты талай жанның өмірін жалмап, тарихы терең мекенді күл-қоқысқа айналдырды. Сирия мен Иракта дүрбелең салған лаңкестік ұйымның 11 қанқұйлы қылмысы төмендегідей:

 ЖАЗЫҚСЫЗ БАЛАЛАРДЫ ӨЛТІРУ

1) 2015 жылдың қаңтар айында мосулдық (Ирак қаласы) 13 бүлдіршін теледидардан футбол ойынын тамашалағаны үшін өлім жазасына кесілді. Жаза алдында терроршылар футбол ойындарына әуестік өлім жазасына апаратынын айтып ескерткен. Содан соң, қалың қауымның алдында жасөспірімдерді атып тастады. Бұл сұмдықтан шошынған ата-аналары, тіптен, балаларының өлі денелеріне жақындауға аяқ баспаған.

 

БАЛАЛАРҒА АДАМ ӨЛТІРУДІ ҮЙРЕТУ

2) Содырлар Ирак пен Сирияның жас балаларын ұрлап не бопсалап әкетіп, арнайы жаттығу лагерінде қамап, 9 жасқа толған соң майданға жөнелтеді. Бұдан басқа, терроршылар өздерін аман сақтау мақсатында балаларды тірі қалқан ретінде пайдаланады.

 

ӘЙЕЛДЕРДІ КҮҢДІКТЕ ҰСТАП, ӨЗГЕ СОДЫРҒА САТУ

3) 2014 жылы ДАИШ жендеттері күрді қыздарын қолға түсірген соң, оларды Таяу Шығыста күң саудасымен айналысатын адамдарға сатып жіберген. Құрыққа ілінген өзге де қыздар болса, ДАИШ мүшелеріне тұрмысқа шығуға немесе олардың құмарын қандыратын қуыршақтары болуға міндеттелген. Сонымен қатар, содырлар тұтқынға алған құрбандарын қанап, зорлық көрсетумен де қоғамға қорқыныш, қауіп төндіруде. Басына мұндай ауыр күн туған байғұс жандар көп ұзамай өз еркімен өмірімен қоштасқан.

 

ТІРІДЕЙ АДАМ ӨРТЕУ

4) 2015 жылдың қаңтарында ДАИШ Иорданияның тұтқынға түскен әскери ұшқышын темір торға отырғызып, үстіне жанармай құйып, өртеген «жаза» барысын видеоға түсіріп, интернетке жариялаған. Сол жылдың ақпан айында дәл осылай Ирактың Анбар елдімекенінде 45 адамды өлтірген. Ал мамырда әлеуметтік желілерде «шариғат заңдарына сәйкес келмеген» Мосулдағы 80 жасар христиан қарт әжей осыған ұқсас жазадан мерт болды деген хабар тарады.

 

МЕШІТТІ ЖАРЫП, МҰСЫЛМАНДЫ ӨЛТІРУ

5) 2015 жылдың 20 наурызында жанкешті терроршылар Йеменнің намаз өтіп жатқан мешіттерінің бірінде өздерін жарып жіберген. Салдарынан 137 адам мерт болып, 347 адам зардап шекті. Сол жылдың 24 қыркүйегінде екі лаңкес Санада әл-Балили мешітінде теракті жасап, 20 адамның өмірін қиды.

 

АҒЗА МҮШЕЛЕРІН САТУ

6) Шетелден астыртын әкелінген дәрігер-хирургтың көмегімен ДАИШ қаза тапқан жауынгерлер денесінің ішкі мүшелері мен тірі тұтқындарды халықаралық қара нарыққа шығарып, қанды қаржы табу мақсатымен саудаға салады.

 

ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАР МЕН ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘДІГЕРЛЕРДІ ҚИРАТУ

7) Жылға жетпес уақыт ішінде ДАИШ 30-ға жуық сәулет ескерткіштері мен мәдени мұраларды қиратып, үйінді етті. Сатуға жарайтынын сатып, жарамайтынын жермен жексен қылды. 2015 жылдың ақпанында террористер Мосул орталық кітапханасын жарып, 8-10 мың көне философия, тарих, мәдениетке қатысты кітаптар пен құнды қолжазбалардың көзін жойып, кітапхана ауласында кітаптан от жаққан.

Сонымен бірге, қалалық мұражайдың біршама экспонаттары бүлінген. Наурызда, небәрі, төрт күннің ішінде үш қала түп-түгел жоқ болған. 4 наурызда ежелгі Ассирияның Нимруд деген қаласының қирандыларын бульдозермен сүріп тастаған. 7 наурызда дәл осылай Хатр қаласының қирандылары бүлінген. 8 наурызда лаңкестік ұйым Дар-Шаррукин қаласының қалдықтарын жартылай тонап, жартылай жойып жіберген.

 

БЕЙБІТ ХАЛЫҚТЫ ҚЫРУ

8) 2015 жылы ДАИШ Ливия, Түркия, Сауд Арабиясы, Франция, Ливан және т.б. көптеген мемлекеттердің бейбіт тұрмыс кешкен тұрғындарына бірнеше дүркін қастандық жасады.

 

ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ ҚОЛДАНУ

9) The Wall Street Journal мәліметтеріне сәйкес, ДАИШ 2014 жылы Ирак әскері мен бейбіт халыққа қарсы хлорлы қару қолданған. 2015 жылы шілдеде Ирак күрділеріне қарсы иприт улағыш затын пайдаланған. Ал 2014 жылдың 22 қыркүйегінде Ирак жауынгерлері лаңкестердің химиялық шабуылына ұшырады.

Химиялық қару жаппай қырып-жою қаруына жатады. Оны қолдануға бірнеше халықаралық конвенциялар мен қауымдастықтар қарсылық білдірген.

 

ӨЗ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ДЕ ҚАТЫГЕЗДІК ЖАСАУ

10) 2014 жылдың маусым-желтоқсан айларында күдікке бой алдырған немесе еліне қайтуды аңсап, үкіметтік әскерге өз еркімен тұтқынға берілуді жоспарлаған, келіссөздер жүргізген 200 содыр өз жақтастары қолынан қаза тапты. Сондай-ақ, ДАИШ сарбаздарын «соғысқа икемсіз» болғаны үшін де өлтіріп отырған.

 

ҰЛТ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБУ

11) 2013 жылдан бастап ДАИШ христиан, шиит, күрд-езидтерге қарсы ұдайы қуғын-сүргін ұйымдастырып келеді. Мысалы, 201 жылдың 2-3 тамызында лаңкестердің қанды қырғынынан 10 мыңнан аса адам ажал құшып, 5 мыңға жуық әйел мен балалар тұтқындалды. 400 мыңнан аса езид босқын болды. Өз тарихында алғаш рет езид халқы туған мекенін тастап кетті.

БҰҰ-ның шешімімен ДАИШ-тың Ирактағы ұлттық және діни топтарды қуғынға ұшыратуы соғыс, адамға қарсы қылмыс және геноцид деп танылды.

E-islam

 

 

Оқылды 496 рет
  • Нуждаюсь в материальной поддержке. Меня сильно подставили, и я должна вернуть крупную сумму. Люди, которым я должна, постоянно угрожают мне и моей дочери физической расправой. Хотят посадить меня в тюрьму за мошеничество. Все от меня отвернулись: родные и друзья , которым все время помогaлa. Я потеряла последную надежду и веру в себя, поэтому у меня уже была попытка суицида, но меня успели спасти. Думаю, Бог сжалился надо мной, пожалел мою дочь, и поэтому дает мне шанс. Написала заявление в полицию, думала помогуть и на этом закончиться. Лежу в больнице, но сегодня пришли и стали угрожать, вынуждена была выписаться. Хочу продать почки, печень срочно, лишь бы они отстали. Телефон: +77073214507, +77475433561. Отец дочери из Уральска. Бросил нас в свое время на произвол судьбы. Я хочу теперь жить ради счастья дочери, она у меня воспитанна, умна, образована и будущих внуков. Не хочу терять, ради чего работала, трудилась. Прошу Вас услыште меня. Верю в Бога и полагаюсь на доброту людей.
JoomShaper
Top