Yш түрлі дос

Сенбі, 11.03.2022

Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) үмбетіне қалдырған өсиеттерінің бірі ғибратқа толы мынадай нақылға құрылған:

«Адам баласының үш досы бар:

Бірінің достығы кісінің жаны шығып кеткенше, екіншісінікі қабірге қойылғанша, үшіншісінің достығы өлгеннен кейін қайта тіріліп, Аллаһтың алдына барғанша жалғасады.

Өлгенге дейін қасында болатын досы – оның дүние-байлығы.

Қабірге қойылғанша жанында жүретін досы – өмірлік жары.

Қайта тіріліп, Аллаһтың алдына барғанша жанынан айрылмайтын досы – бұл дүниеде жасаған амалдары».

Құдайберді БАҒАШАР,

исламтанушы

Оқылды 229 рет
JoomShaper
Top