Істеп өкінетін шаруаға жолама

Жұма, 04.11.2021

Абдулла бин Масғұд (р.а.) сахаба көз жұмар шақта баласын шақырып:

«Ей, Абдулла бин Масғұдтың ұлы Абдурахман! Саған бес қасиет айтамын, оларды жадыңда сақта! Адамдардан еш уақытта үміттенбе, бұл артығымен берілген байлық. Қажетіңді адамдардан сұраушы болма, бұл құтылмайтын кедейлік. Өзің өкінетін шаруаға жолама, ондайға қолың тимесін. Кешегі күннен артық жақсы болу қолыңнан келсе, соны істе. Ал, намаз оқитын болсаң мұнан кейін құлшылық етпейтін дүниемен қош айтысушы адам кейпінде намаз оқы», – деген екен.

Сахабаның өсиетін Шағби (Алла оны рақым етсін) баяндаған, «Уасайа ғұлама ъиндәл мәути» (Ғұламалардың өлім алдындағы өсиеті) атты кітапта жазылған.

Дайындаған
Мұхаммед Ибраһим, 
исламтанушы

Оқылды 244 рет
JoomShaper
Top