Менi қайда апармақсың?

Сейсенбі, 01.11.2021

Язид әр-Раққаши әңгімелеуде:

Бағзы бір заманда Исрайылұлдарының халыққа қиянаты көп өткен озбыр билеушісі бар еді. Бір жолы сол билеуші отбасындағылармен оңаша қалды. Осы кезде үйіне біреудің кіріп келе жатқанын байқайды.

Дереу ашумен оған жетіп барып: «Неғылған адамсың? Менің үйіме сені кім кіргізді?» дейді айғайлап. Кірген кісі: «Мені осы үйдің егесі кіргізді. Мен сондай кісімін, ешкімнің қақпасы алдымды тоса алмайды. Керек десең, патшалардың қасына да рұқсатсыз жетіп барам. Билік иелерінің ығынан қорықпаймын. Бүгінге дейін ешбір озбыр билеуші менің құрығымнан құтылып көрген емес. Айлакер сайтанның өзі менен қулығын асырып кете алған жоқ» дей келе, әлгі қатігез адамның жағасынан ала түсті. Ол бол- са қатты қорыққаннан құлап қала жаздайды. Іле-шала басын көтеріп мүсәпір кейіпте: «Онда сен жан алғыш Әзірейіл шығарсың?» дейді. Періште «Иә, тап соның өзімін» деп жауап береді. Қатігез билеуші жалына бастайды:

– Онда тәубе етуге мұрша бересің бе?

– Қайдағы мұрша?! Сенің әрбір жыл, әрбір ай, күн, сағат, минуттарың таусылды.

– Мені қайда апармақсың сонда?

– Сені өзіңнен бұрынырақ жіберген амалдарың мен салған үйіңе апарамын!

– Мен бұрын ешқандай сауапты амалдар жол- дап, жақсы үй салдыра қойған жоқпын.

– Онда сені бас теріңді үйітетін қыз-қыз қайнап жатқан отқа апарып тастаймын! Артынша ажал періштесі оның жанын алады.

Отбасындағылардың бірі айғайлап, бірі жылап қала береді.

Құдайберді БАҒАШАР, исламтанушы

Оқылды 136 рет
JoomShaper
Top