Біреулері Алланы зікір етіп, дұға оқуда, ал екіншілері фиқһ пен дін үкімдерін үйреніп жатыр екен. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) жанындағыларға қарап:
– Бұл екі топ та қайырлы іспен шұғылданып отыр. Бірақ біреуінікі екіншісіне қарағанда көш ілгері. Артығы қайсысы десеңдер айтарым: мен бұл өмірге ұстаз болып жіберілдім. Лайықты түрде құлшылық істеу үшін Алланы шамамыздың келгенінше тануымыз керек, – деді де бір-біріне фиқһ пен дін үкімдерін үйретіп жатқан кісілердің жанына барып отырды.
Құдайберді БАҒАШАР