Уəзірлік пен ғылым

Бейсенбі, 22.09.2021
Уəзірлік пен ғылым

Ибн Ғамид былай дейді: «Құзырымда Табарани мен Əбу Бəкір Жағаби екеуі ғылым сұхбатын жасаған күнге дейін бұл дүниеде уəзірлік пен басшылық рақатынан асқан лəззат бар деп ойламаппын.

Табарани серігінен ғылымды көп жаттауымен басым түссе, Əбу Бəкір парасатымен үстем боп тұрды. Пікірталасқа кірісіп кеткен екі ғалымның дауыстары көтеріліп кетті. Сонда Жағаби: «Мен бұ дүниеде ешбір ғалым білмейтін бір хадисті білемін», деді. Табарани: «Кəне, айт», деді. Жағаби: «Хадисті маған Əбу Халифа, оған Сулейман ибн Аюб жеткізген», деп хадисті айтып берді. Сонда Табарани: «Сулейман ибн Аюб – ол мен. Əбу Халифа хадисті менен естіген», деп еді Жағаби қысылып қалды», деп Ибн Ғамид əңгімесін аяқтай келе: «Уəзірлік мансабы менде болмай Табарани болғым кеп, соның қуанышы менде болғанын қаладым» деген екен. (Имам Заһаби, «Тазкират Хуффаз», 3-915, имам табарани өмірдерегінен)

Руслан Қамбар,

исламтанушы

Оқылды 201 рет
JoomShaper
Top