Мұсылман – себебін, мүнафиқ – кемшілігін көреді

Сейсенбі, 20.09.2021
Мұсылман – себебін, мүнафиқ – кемшілігін көреді

Имам Ғазали: «Ең діндар, ең тақуа һəм ең білімді адамға жұрт бірдей қарамайды. Кейбірі сүйіспеншілікпен қараса, кейбірі жақтырмай тіпті жеккөріп қарайды.

Сондықтан жаман ойдан аулақ болған дұрыс. Ниеті қара адамдарға жоламаған жөн. Өйткені, ол адамдар жайлы тек жаман ойда жүреді. Сондықтан, жұрт туралы ойы бұзық, кісі бойынан мін іздеп тұратын біреуді көрсеңіз, оның іші жаман əрі ниеті жаман адам екенін біле жүріңіз. Жамандық оның бойынан сыртқа шығып-ақ тұрады. Сондықтан ол адам баласын өз жамандығы арқылы көріп, таниды. Анығында, мұсылман адамның іс- əрекетіне кешіріммен қараса, екіжүзді мұнафиқ адамның тек айыбын көреді. Өйткені, мұсылман барша адамдар жайлы ойы таза жан» деген екен (Ихияул Улумид дин, 3/36).

Руслан ҚАМБАР,

исламтанушы

Оқылды 514 рет
JoomShaper
Top