Тапқырлық

Бейсенбі, 15.09.2021

Бала кездерінде Хасан мен Хұсейін (р.а.) екеуі бірге намаз үшін дәрет алмақ болды. Алайда қастарындағы қарт кісінің суды тым ысырап еткенін байқағанда, көңіліне келмейтіндей етіп, ескерту жасағанды дұрыс деп шешті.

Сөйтті де Хасан қарияға естірте сөйлеп:

– Хұсейін, қаншама уақыттан бері дәрет алып келем, бірақ қате-дұрысын әлі ешкімге тексертпеппін. Мен қазір дәрет алайын, қате жерлерін көрсең түсіндірші, – дейді де дәрет ала бастайды.

Хасан дәрет алғанда әдейі қастарындағы кісінің жасаған қателіктерін қайталады, Хұсейін оған ескертіп отырды.

Қарт кісі қате жасап отырғанның өзі екенін дереу түсінеді. Іле балаларға қарап:

– Айналайындар, мен өз қатемді түсіндім. Сендерге көп рахмет. Аллаһ разы болсын, – дейді риза кейіппен.

Құдайберді БАҒАШАР

Оқылды 361 рет
JoomShaper
Top