Ершат Оңғаров

Исламтанушы, доктор Ph.D

Өмірбаяны Арнау сөз Еңбектері Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 орта мектепті бітірген.

1994 жылы 13 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын тәмәмдап, 2004 жылы әл-Әзхар университеті «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне қол жеткізген. 2006 жылы Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихында бірінші болып философия, мәдени антропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

Қазақ, орыс, араб және түрік тілдерін біледі.

2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы, 2009-2011 Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi. 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (ДІА) Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығына исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

2013 жылдың 27 ақпанынан бастап ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) академиясындағы [International Islamic Fiqh Academy] тұрақты мүшесі.

Мұсылман әлеміне танымал ұстаздары:

  • Махмуд Хамди Зақзуқ – ЕАР Уақф министірі
  • Мұхаммад Саид әт-Тантауи – ЕАР Әл-Азхар университетінің шейхы
  • Ахмад Омар Хашим – ЕАР Әл-Азхар университетінің ректоры
  • Абдурахман әл-Адауи – ЕАР Әл-Азхар университетінің профессоры, Парламент мәжілісінің депутаты

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, исламтанушы, теолог, Ph.D-мын, орыс, қазақ тілдеріндегі жарық көрген «Мұхтасар тәжуид» еңбегінің авторымын, дін, мәдениет, руханилық мәселелері бойынша бірқатар ғылыми-танымдық мақалалар жаздым. Қазіргі таңда «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» атты монографиялық еңбегім баспаға әзірленуде. Сарапшы ретінде келесі тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дайынмын: Құран тәпсірі, ислам мәдениеті, ислам құндылықтары, ақида мәселелері.

Еңбектері

  • Оңғаров Е.А. Мұхтасар тәжуид, «Дәуір», – Алматы. 2006 – 88 б.
  • Онгаров Е.А. Мухтасар тажуид, «Көкжиек» – Алматы. 2012 – 100 с.
  • Оңғаров Е.А. Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары, «Көкжиек» – Алматы. 2013 
  • «Мұхтасар тәжуид» қазақ және орыс тілінде (Құран оқу ережелері), Алматы – 2006
  • «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» (монография). ҚР БҒМ, Алматы баспа үйлері, 2014 
  • Құран – мағынасы мен түсініктемелері. «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, Алматы – 2015 (аудармашылардың бірі)
  • «Дін – насихат» Ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құралы. ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)
  • Жұма уағызы-ІІ, ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)
  • Дін, мәдениет, руханиат салаларына арналған 33 ғылыми-танымдық мақалалардың авторы

Мақалалары

  • Оңғаров Е.А. Мәдениетіміздің негізгі тірегі – дініміз // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Ғылыми педагогикалық журнал. – Алматы: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – 2007. – № 4. – 298-301 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам жаһандануға қарсы ма? // «Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен инновациялар» Халықаралық ғылыми конференция материалдары, әл-Фараби атындағы КазҰУ. – Алматы, 2007. – 217-227 бб.
  • Оңғаров Е.А. Қазақстан Республикасындағы мұсылманшылық және ұлттық қауіпсіздік // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Ғылыми педагогикалық журнал. – Алматы: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – 2008. – № V. – 44-50 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтарының модерндеуге қатысты кейбір аспектілері // «Ұлттық идея философиясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті. – 2009. – 243-251 бб.
  • Оңғаров Е.А. «Матуруди» мектебінің қазақ мәдениетіндегі орны // «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және қазіргі заман» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Атамұра. – 2009. – 158-165 бб.
  • Оңғаров Е.А. Kazak kulturunde Imam Maturidi ve maturidilik // Dini arastirmalar dergisi, Түркия, Анкара: Анкара Университеті. – 2010. – №34. - ss.48-53
  • Оңғаров Е.А. Әл-Фараби еңбектеріндегі ақыл-парасат ұғымы мәдениет құндылығы ретінде // ҚазҰУ хабаршысы, философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы – Алматы: Қазақ университеті. – 2009. – № 2 (33). – 104-107 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтары – мәдени антропологиялық феномен ретінде // Әл-Фараби. – Алматы. – 2010. – №1(29). – 74-80 бб.
  • Оңғаров Е.А. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті – шешендік өнер туындыларындағы ислам құндылықтары // Ізденіс. – Алматы. – 2010. – №2. – 114-118 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтарын мәдени – антропологиялық талдау // Адам әлемі. – Алматы. – 2010. – №1(43). – 10-17 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтарының тарихи ерекшеліктері // ҚазҰУ хабаршысы, тарих сериясы. – Алматы. – 2010. – №1. – 123-128 бб.
  • Оңғаров Е.А. The morality in the history of eastern thought // Global science communication. – Granendonsk. – 2010. – №2 (3). – Р. 2-5.
  • Оңғаров Е.А. The phenomenon of moral-thinking as Islamic value // Global science communication. – Granendonsk. – 2010. – №3 (4). – Р. 9-14.
  • Оңғаров Е.А. Kazak medeniyeti'nin felsefe tarihindeki manevi degerleri // Bilgelik, Aylik bilim ve arastirma dergisi. – Ankara. – Ekim, 2009. – ss.32-36.
  • Оңғаров Е.А. Абай дүниетанымындағы ислам құндылықтарынан ғибрат алған этика мәселелері // Ғылыми педагогикалық журнал / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – 2009. – № 6. – 181-185 бб. 16 Оңғаров Е.А. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары, e-islam.kz.
  • Оңғаров Е.А. Қазақ мәдениетімен сабақтасқан дәстүрлі ислам құндылықтары – ел бірлігінің кепілі, e-islam.kz.
  • Оңғаров Е.А. Жихадизм мен экстремизмнің алдын алудың кейбір жолдары. 19 Оңғаров Е.А. Ұстазыңыз интернет емес, имам болсын, e-islam.kz
  • Оңғаров Е.А. Діни экстремизмнің жастар арасында таралуының алдын алудың бірегей жолы. 21 Оңғаров Е.А. Мәулітті шектен тыс тойлап жүрген жоқпыз ба?
  • Оңғаров Е.А. Абай және сүнниттік ислам.
  • Оңғаров Е.А. Дін және дәстүр.
  • Оңғаров Е.А. Жиһад және бүгінгі әлем.
  • Оңғаров Е.А. Екпе жасату керек пе жоқ па?
  • Онгаров Е.А. Маулид Пророка.
  • Оңғаров Е.А. Экстремизм және оның алдын алу шаралары.
  • Оңғаров Е.А. Насихат жетпеген жер қалмайды.
  • Онгаров Е.А. «ПРИВИВКИ: ДА или НЕТ?».
  • Оңғаров Е.А. Сәләфилер неге бөлінді?

Аурудан айығу үшін қандай сүре-дұға оқуға болады?

Сенбі, 02.04.2022

Сәлеметсіз бе? Сұрайын дегенім, анам төрт жылдан бері полиартритпен ауырады. Қолы ісіп, ауырып, түк ұстатпайды. Енді осыған айығуы үшін қандай немесе дұға оқуға болады? Жанерке.

Саламатсыз ба, Жанерке! Алла Тағала анаңызға шипа берсін деп тілеймін!

Мұхаммед пайғамбармыз (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) кісі ауырып қалса дәргерге көрінуді өсиет еткен. Полиартрит биологиялық ауру қатарына жататындықтан дәстүрлі медицина өкілдеріне көрінген дұрыс болады деп ойлаймын.

Жалпы мұсылман адам Құран аяттарын оқып, өз-өзіне күнделікті дем салып жүргені жөн. Дем салудың ең оңай жолы төмендегіндей:

  1. «Фатиха» сүресін оқу;
  2. «Аят әл-Курсиді» оқу (әл-Бақара сүресінің 255-аяты);
  3. «Әмәна расул» аяттарын (әл-Бақара сүресінің соңғы екі аяты);
  4. «әл-Ихлас» сүресін оқу (Құранның 112-сүресі);
  5. «әл-Фалақ» сүресін оқу (Құранның 113-сүресі);
  6. «ән-Нәс» сүресін оқу (Құранның 114-сүресі).

Осы аяттарды ретімен оқу қажет. Дем салу кезінде қолыңызды ауырып тұрған жерге қойып отырсаңыз да болады.

Ұйықтардан алдын жоғарыда аталған аяттарды алақаныңызға оқып, 3 рет сүфлеп үріп, барлық денеңізді сипап шығу сүннет амалына жатады.

Оқылды 1554 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top