Ершат Оңғаров

Исламтанушы, доктор Ph.D

Өмірбаяны Арнау сөз Еңбектері Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 орта мектепті бітірген.

1994 жылы 13 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын тәмәмдап, 2004 жылы әл-Әзхар университеті «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне қол жеткізген. 2006 жылы Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихында бірінші болып философия, мәдени антропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

Қазақ, орыс, араб және түрік тілдерін біледі.

2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы, 2009-2011 Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi. 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (ДІА) Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығына исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

2013 жылдың 27 ақпанынан бастап ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) академиясындағы [International Islamic Fiqh Academy] тұрақты мүшесі.

Мұсылман әлеміне танымал ұстаздары:

  • Махмуд Хамди Зақзуқ – ЕАР Уақф министірі
  • Мұхаммад Саид әт-Тантауи – ЕАР Әл-Азхар университетінің шейхы
  • Ахмад Омар Хашим – ЕАР Әл-Азхар университетінің ректоры
  • Абдурахман әл-Адауи – ЕАР Әл-Азхар университетінің профессоры, Парламент мәжілісінің депутаты

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, исламтанушы, теолог, Ph.D-мын, орыс, қазақ тілдеріндегі жарық көрген «Мұхтасар тәжуид» еңбегінің авторымын, дін, мәдениет, руханилық мәселелері бойынша бірқатар ғылыми-танымдық мақалалар жаздым. Қазіргі таңда «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» атты монографиялық еңбегім баспаға әзірленуде. Сарапшы ретінде келесі тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дайынмын: Құран тәпсірі, ислам мәдениеті, ислам құндылықтары, ақида мәселелері.

Еңбектері

  • Оңғаров Е.А. Мұхтасар тәжуид, «Дәуір», – Алматы. 2006 – 88 б.
  • Онгаров Е.А. Мухтасар тажуид, «Көкжиек» – Алматы. 2012 – 100 с.
  • Оңғаров Е.А. Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары, «Көкжиек» – Алматы. 2013 
  • «Мұхтасар тәжуид» қазақ және орыс тілінде (Құран оқу ережелері), Алматы – 2006
  • «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» (монография). ҚР БҒМ, Алматы баспа үйлері, 2014 
  • Құран – мағынасы мен түсініктемелері. «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, Алматы – 2015 (аудармашылардың бірі)
  • «Дін – насихат» Ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құралы. ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)
  • Жұма уағызы-ІІ, ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)
  • Дін, мәдениет, руханиат салаларына арналған 33 ғылыми-танымдық мақалалардың авторы

Мақалалары

  • Оңғаров Е.А. Мәдениетіміздің негізгі тірегі – дініміз // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Ғылыми педагогикалық журнал. – Алматы: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – 2007. – № 4. – 298-301 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам жаһандануға қарсы ма? // «Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен инновациялар» Халықаралық ғылыми конференция материалдары, әл-Фараби атындағы КазҰУ. – Алматы, 2007. – 217-227 бб.
  • Оңғаров Е.А. Қазақстан Республикасындағы мұсылманшылық және ұлттық қауіпсіздік // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Ғылыми педагогикалық журнал. – Алматы: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – 2008. – № V. – 44-50 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтарының модерндеуге қатысты кейбір аспектілері // «Ұлттық идея философиясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті. – 2009. – 243-251 бб.
  • Оңғаров Е.А. «Матуруди» мектебінің қазақ мәдениетіндегі орны // «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және қазіргі заман» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Атамұра. – 2009. – 158-165 бб.
  • Оңғаров Е.А. Kazak kulturunde Imam Maturidi ve maturidilik // Dini arastirmalar dergisi, Түркия, Анкара: Анкара Университеті. – 2010. – №34. - ss.48-53
  • Оңғаров Е.А. Әл-Фараби еңбектеріндегі ақыл-парасат ұғымы мәдениет құндылығы ретінде // ҚазҰУ хабаршысы, философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы – Алматы: Қазақ университеті. – 2009. – № 2 (33). – 104-107 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтары – мәдени антропологиялық феномен ретінде // Әл-Фараби. – Алматы. – 2010. – №1(29). – 74-80 бб.
  • Оңғаров Е.А. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті – шешендік өнер туындыларындағы ислам құндылықтары // Ізденіс. – Алматы. – 2010. – №2. – 114-118 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтарын мәдени – антропологиялық талдау // Адам әлемі. – Алматы. – 2010. – №1(43). – 10-17 бб.
  • Оңғаров Е.А. Ислам құндылықтарының тарихи ерекшеліктері // ҚазҰУ хабаршысы, тарих сериясы. – Алматы. – 2010. – №1. – 123-128 бб.
  • Оңғаров Е.А. The morality in the history of eastern thought // Global science communication. – Granendonsk. – 2010. – №2 (3). – Р. 2-5.
  • Оңғаров Е.А. The phenomenon of moral-thinking as Islamic value // Global science communication. – Granendonsk. – 2010. – №3 (4). – Р. 9-14.
  • Оңғаров Е.А. Kazak medeniyeti'nin felsefe tarihindeki manevi degerleri // Bilgelik, Aylik bilim ve arastirma dergisi. – Ankara. – Ekim, 2009. – ss.32-36.
  • Оңғаров Е.А. Абай дүниетанымындағы ислам құндылықтарынан ғибрат алған этика мәселелері // Ғылыми педагогикалық журнал / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – 2009. – № 6. – 181-185 бб. 16 Оңғаров Е.А. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары, e-islam.kz.
  • Оңғаров Е.А. Қазақ мәдениетімен сабақтасқан дәстүрлі ислам құндылықтары – ел бірлігінің кепілі, e-islam.kz.
  • Оңғаров Е.А. Жихадизм мен экстремизмнің алдын алудың кейбір жолдары. 19 Оңғаров Е.А. Ұстазыңыз интернет емес, имам болсын, e-islam.kz
  • Оңғаров Е.А. Діни экстремизмнің жастар арасында таралуының алдын алудың бірегей жолы. 21 Оңғаров Е.А. Мәулітті шектен тыс тойлап жүрген жоқпыз ба?
  • Оңғаров Е.А. Абай және сүнниттік ислам.
  • Оңғаров Е.А. Дін және дәстүр.
  • Оңғаров Е.А. Жиһад және бүгінгі әлем.
  • Оңғаров Е.А. Екпе жасату керек пе жоқ па?
  • Онгаров Е.А. Маулид Пророка.
  • Оңғаров Е.А. Экстремизм және оның алдын алу шаралары.
  • Оңғаров Е.А. Насихат жетпеген жер қалмайды.
  • Онгаров Е.А. «ПРИВИВКИ: ДА или НЕТ?».
  • Оңғаров Е.А. Сәләфилер неге бөлінді?

Ислам бала асырап алуға қалай қарайды?

Сәрсенбі, 03.08.2021

Естуім бойынша ислам дінінде бала асырап алуға тыйым салынған екен. Бірақ, бұл өте қайырлы іс емес пе, осыны түсіне алмадым. Бала асырап алудың талаптары мен шарттары бар ма?

Ислам дінінде бала асырап алуға тыйым салынбаған. Керісінше жетім баланы бауырыңа басып, қамқорлық көрсету өте құптарлық іс. Алайда, асырап алған балаға туған әкесінің аты мен тегін беру керек. Асыраушының өз тегін беруіне рұқсат етілмейді. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл туралы:  

«Адамға Алла екі жүрек бермеген. Сондай-ақ, сендер зиһар (әйелін туған анасына теңеу) айтып, серт еткен әйелдерің аналарың бола алмайды. Ал өгей балаларың өз балаларың болмайды. Оның барлығы сендердің жай ғана ауызбен айтқан сөздерің ғана. Тура жолға бастайтын шынайы ақиқат – тек Алланың аяттарында ғана» деп, келесі аятта «Өздерің асырап алған өгей балаларыңды туған әкесінің атымен атаңдар. Алланың алдында осылай жасағандарың әділ болады. Ал егер де, олардың әкелерін білмесеңдер, онда олар сендерге, дін жағынан бауыр болып, туысқан болып келеді. Білместіктен қателік жасап жатсаңдар күнә болмайды. Біле тұра әдейі жасағандарыңның жөні бір бөлек. Алла Кешірімді, Мейірімді»»(Әл-Ахзаб сүресі, 4-5 аяттар), – дейді.

Өгей бала, асыранды бала жайлы алғашқы ақиқат заң осы аятта меңзелген Зайдқа байланысты өз күшіне енді. Ол бұған дейін Заид ибн Мұхаммед деп аталып келген. Жоғарыдағы аят түскеннен соң Алла елшісінің асырап алған баласы Заид, өзінің туған әкесі Харистің есімімен аталды (Ибн Касир тәпсірі).

Асырушысы асырап алған баласын бел баласы санап, туған әкесін айтпай, ақиқатты жасыруға болмайды. Сол сияқты бала да туған әкесін біле тұра атамауына болмайды. Білсе соның тегін алып, атын атау керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім өзінің әкесін (әкесі екендігін) біле тұра жасырып, өзге адамды әкем деп айтатын болса, оған жәннат харам етіледі» (Муслим, иман 115), – дейді. Мұның себебі, асыранды бала болашақта өз қандасына үйленіп қоймас үшін тегін білуі керек. Қазақта жеті атасынан аспай қыз алмайды. Міне, бұл да толығымен шариғи заңдарға саяды.

Бала асырауда шариғаттағы мирас мәселесіне көңіл бөлу қажет. Қамқоршының артында қалған мал-мүлкін мұраға беру туыстық қатынасты қажет етеді. Сондықтан да дүние-мүлік алдымен Қасиетті Құранда белгіленген тумаларына беріледі. Асыранды баласына көзінің тірісінде сыйлық ретінде беруге болады.

Міне, осы қағидаларды ескере отырып, біреудің баласын асырап, мейіріммен бағып-қағуға еш кедергі жоқ. Керісінше бұл сауапты істерден болмақ. Ол жөнінде Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде «Жәннатта менімен жетім баланы асыраушының арасы осындай болады» деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын көрсеткен. Жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ халқы да «Жетім көрсең жебей жүр» деп текке айтпаса керек.  

Оқылды 768 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top