Министр Астана митрополитімен кездесті

Сенбі, 11.02.2022

Астана. 11 ақпан. E-ISLAM – Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен Мәскеулік және бүкіл Русь Патриархының викариі, Красногорск епископы Иринархпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас және діни қызметтегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлермен алмасты.

Нұрлан Ермекбаев мемлекеттегі конфессияаралық келісімді нығайтып, қоғамдағы тұрақтылықты және рухани дәстүрді сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Мекеме жетекшісі, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы алға қойылған тапсырмалардың маңыздылығын ескере отырып, діни қызметкерлерді өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеуде ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Митрополит Александр өз кезегінде православиелік дін басылардың Қазақстан қоғамының игілігі үшін мелекеттегі бейбітшілік пен келісімді сақтау, әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында болашақта да шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды. 

Оқылды 98 рет
JoomShaper
Top