Путин Елбасына алғысын білдірді

Сейсенбі, 16.08.2021

Астана. 16 тамыз. E-ISLAM – Ресей Президенті  Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде   Анкарамен арақатынасты реттеуге жәрдемдескені үшін алғысын білдірді. 

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан көшбасшысымен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиямен қатынасты қалпына келтіруде алғыс айтты, деп хабарлады РБК.

«Сізге ресей-түрік қатынастарын қалпына келтіруде делдалдық миссия қабылдауға күш салғаныңыз үшін алғыс білдіргім келеді.  Көріп отырғанымыздай, нәтижесі табысты болуда», - деді Путин Сочидегі көшбасшылармен кездесу барысында.

«Түркия мен Ресейдің қатынастары реттеліп жатқанына қуаныштымын», - деді Назарбаев. Оның айтуынша, Ресей «салмақты халықаралық проблемаларды шешуде» маңызды мемлекет.

Түркия Президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын  бұдан бұрын Н. Назарбаевты Мәскеу мен Анкара қақтығысын шешуде құпия дипломатиямен айналысатын бірқатар «делдалдардың» ішінде бар екенін  айтқан. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті дағдарысты  жағдайда Түркиямен «үлкен достықты» қолдаған.

Оқылды 241 рет
JoomShaper
Top