У.Ричардсон 28 тамыздың түнінде шекарадан асып өтпек болып, тікенек сымды дуалдар арасынан баласын өткізіп жатқан босқынның суретін суретке түсіріп алған.
Уорен бес күн бойы әртүрлі босқындармен бірге жүрген. Осындай 200 адамнан құралған босқындар легі бірнеше сағат полиция құрсауынан қашып, Венгрия шекарасында тұрып қалады. Фотограф осы сәтті суретке алар кезде әскерилердің көзіне түсіп қалмауы үшін фотоаппаратының түнгі жарық режимін қоспастан жұмыс істеген. Өзінің айтуынша сол кездегі көріністерді алуға айдың жарығы ғана көмектескенін айтады.
Түнгі көріністі табиғи болмысымен көрсете білген суретшінің босқындар бейнесіне арналған коллекциясы үздік деп танылып, World Press Photo жүлдесі берілді.