Канада халал кондитерін ашты

Жұма, 19.02.2022
Канада халал кондитерін ашты

Астана. 19 ақпан. E-ISLAM – Торонто қаласында Ширин Ахмед есімді кәсіпкер мұсылман кондитерлік фабрика ашты.

Аталмыш кәсіпорында халал стандартына сәйкес келетін зефир мен мармеладтан әзірленген тәттілері шығарылады. Кәсіпкер әйел осы тәттілердің қырыққа жуық түрін Торонто тұрғындарына ұсынды. Мұнда сусын құтысы іспеттес кәмпиттерден бастап механикалық кілт формасындағы тіл үйірер тәттілер бар. Сондай-ақ, отқа қақтауға арналған зефир түрі – маршмеллоу да бар.

Ширин Ахмедтің бұл бастамасы канадалықтарың көңілінен шығып, сұранысқа ие болып келеді. Енді ол өз өнімдерін Канаданың жүзден аса дүкен желілеріне жеткізбек ниетте. 

Оқылды 49 рет
JoomShaper