Қырғыз жұмысшыларының табысы төмендеді

Дүйсенбі, 15.02.2022
Қырғыз жұмысшыларының табысы төмендеді

Астана. 15 ақпан. E-ISLAM – Жұмыс көзін Ресейден тапқан Қырғыз азаматтары өткен жылы өз елдеріне 1 млрд 546,6 млн доллар ақша аударымын жасаған.

Алайда бұл 2014 жылғы табыс көлемінен 26,2%-ға төмен түскен. Бұл туралы Қырғыз Экономика министрі Арзыбек Кожошев парламент отырысында мәлімдеді.

Министрдің мәліметінше, аударымның азаюы Ресейдегі экономикалық қиыншылықтар мен рубль құнының төмендеуіне байланысты болып отыр. Қаржы сарапшылары қырғыз жұмысшыларының 92% табысы Ресей Федерациясынан, қалған бөлігі Қазақстан, АҚШ пен өзге де елдерден түсетінін айтады.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсан айында БҰҰ есебінде Қырғызстан Тәжікстаннан кейін әлем бойынша ақша аударымының 2-ші орнында тұрғаны мәлім болды. Қырғыз еңбек күшінің ақша аударымы елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-ын құрайды.

Оқылды 259 рет
JoomShaper