Содыр өз анасын өлім жазасына кесті

Сенбі, 09.01.2022

Астана. 9 қаңтар. E-ISLAM –  ИШИМ террористік ұйымының мүшесі туған анасын өлім жазасына кесті. Бұл туралы Лондондағы Сирия адам құқықтары мониторингі орталығы хабарлады.

Өлім жазасы кеше Ракка қаласында болған. Жергілікті құқыққорғау ұйымдары деректеріне сүйенсек, аталмыш әйел өзі қызмет ететін пошта кеңсесі маңында өлтірілген.

Ана өліміне оның 20 жасар баласынан лаңкестік ұйымынан шығуын, сондай-ақ коалиция күштері келмей тұрғанда Ракка қаласынан кетуін өтінгені себеп болған.

Ал қатыгез ұл бұл жайында өзінің ұйымы басшысына хабарлап, өз анасын өзі өлтірді. 

Оқылды 1488 рет
JoomShaper