«Халифат» қарқыны бәсеңдеді

Сәрсенбі, 06.01.2022

Астана. 6 қаңтар. E-ISLAM – ИШИМ террористік ұйымы күн санап Ирак пен Сириядағы ықпалынан ажырауда. Бұл жайында АҚШ-тың антитеррорлық коалициясы өкілі Стивен Уоррен мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2016 жылдың алғашқы күндерінің өзінде лаңкестердің Иракта жаулап алған жерінің 40 % , Сириядағы 20 %-ы үкімет иелігіне қайтарылды.

Естеріңізге сала кетсек, ИШИМ лаңкестері 2014 жылдан бері Ирак жерінің үштен бір бөлігін, оның ішінде Мосул секілді маңызды қалаларды басып алған болатын. Дегенмен, екі жыл ішінде жағдай өзгерді. Күні кеше Ирак премьер-министрі 2016 жылы ИШИМ ұйымы талқандалатынына сенім білдірген еді. «ИШИМ Ирак жерінен жойылады» дейді премьер-министр Хайдер әл-Абади. 

Оқылды 393 рет
JoomShaper