Арктика мұсылмандары 23 сағат ораза ұстайды

Сәрсенбі, 15.07.2021

Астана. 15 шілде. E-ISLAM – Канаданың Нунавут елді мекенінің халқы климаттың суығы мен рамазан айына қарамастан, жаппай бірлесіп мешіт тұрғызуда. Олар бұл жылғы рамазанда 22-23 сағат ауыз бекітеді әрі жұмысқа кедергі келтірмейтін үйреншікті жағдай екенін айтады.

Нунавут елді мекенінің Ислам ұйымының бас хатшысы Мұхамед Хасан: «Жергілікті халық бір тәулік бойы ораза ұстайды. Климаттың салқындығына қарамастан олар күні бойы тірліктерін тоқтатпайды. Алғашында 23 сағат ораза ұстау мүмкін емес болып көрінетін. Ал, қазір Алланың қалауымен бұл үйреншікті жағдай болып кетті», деді.

Атап кетсек, Канаданың солтүстігінде орналасқан Нунавут елді мекенінеде кейде күндізгі уақыт 24 сағатқа дейін созылады. Жергілікті халық қандай да бір діни мекерелер мен намаз уақыттарын Мекке уақытымен байланыстырып отырады.

Оқылды 420 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Шілде 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Аудио

JoomShaper