Ердоған Стамбул терактісіне байланысты мәлімдеме жасады

Дүйсенбі, 12.12.2021

Астана. 12 желтоқсан. E-ISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбул қаласында болған терактіге байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Теракті қауіпсіздік қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарға қарсы жасалғанын айтқан Түркия басшысы террористік ұйымдармен күрес бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, Түркия билігі лаңкестікке қатысы бар адамдардың жауапкершілікке тартылатынын да атап кетті.

Түркия президентінің айтуынша, терактіні ұйымдастырушылардың барынша көп адамның көзін жоюды жоспарлаған. «Бүгін түнде біз тағы да террористік әрекеттердің куәгері болдық. Олардың футболдан кейін бірден теракт ұйымдастырудағы мақсаты барынша көп адамның көзін жою керек болғаны түсінікті. Өкінішке қарай, терактіден зардап шеккендермен қоса, қаза тапқандар да бар» дейді Р.Ердоған.

Еске сала кетсек, Стамбулда екі бірдей теракт болып, салдарынан 29 адам қаза тапқан. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, полицейлер отырған автобустың маңында миналанған көлік жарылған. Жарылыстан зардап шеккендердің барлығы дерлік құқыққорғау қызметкерлері. 

Оқылды 572 рет
JoomShaper
Top