Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Бейсенбі, 03.11.2021

Астана. 3 қараша. E-ISLAM – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысы болып Ержан Байтанаев тағайындалды, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Оны бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев министрлік ұжымына таныстырды. Ермекбаев алдағы уақытта Байтанаевтың мекеме жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру мен елдегі азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын орнатуда тиімді еңбек атқаратынына сенім білдірді.

Ержан Халиұлы Байтанаев 1983 жылы 23 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2001 жылдың қыркүйек айынан 2003 жылдың мамырына дейін республикалық және аймақтық БАҚ-та жұмыс істеді.

2004 жылдың тамызынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін құқықтық бағдарламалардың редакторы, Жамбыл облысының меншікті тілшісі болды.

2008 жылдың сәуірінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ресми Өкілі - Төрағаның баспасөз хатшысы болды.  

2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ресми Өкілі.

2014 жылғы қыркүйектен 2016 жылдың шілдесіне дейін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Құқық және ұлттық қауіпсіздік институтының тыңдаушысы болды.

Байтанаевтың 4 жоғары білімі бар - қазақ тілінің филологы, мемлекеттік басқару маманы және заңгер. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі. 

Оқылды 434 рет
JoomShaper
Top