Терроризм күдігіне ілінгендер тізімделеді

Жұма, 28.10.2021

Астана. 28 қазан. E-ISLAM – Өзбекстанда жуық уақытта терроризм күдігіне ілінген республика азаматтарының тізімі жарияланады.

Бұл тізіммен әр адам танысу мүмкіндігіне ие. Тізім Салық, валюталық қылмыстар мен қылмыстық кірісті заңдастыру департаменті сайтында жарияланбақ. Онда Өзбекстан республикасынан шығып, шетелдерде халықаралық террористік топтар қатарында соғысуға кеткендердің аты-жөндері қамтылады, сондай-ақ оларға қаржылай көмек көрсеткендер де жазылады.

Еске сала кетейік, 18 қазан күні Өзбекстан Бас прокуроры Ихтиев Абдуллаев террористік ұйымдар мен олардың мүшелеріне тұрғындардың қаржылық тұрғыда қандай да бір көмек жасауына толықтай тыйым салу туралы шешім қабылдады. Заң 2017 жылдың басынан күшіне енеді. 

Оқылды 445 рет
JoomShaper
Top