Ақтөбе іс-шарасы: дін формаға емес, мазмұнға сүйенеді (ФОТО)

Сәрсенбі, 12.10.2021

Астана. 12 қазан. E-ISLAM – Ақтөбе облысында өтіп жатқан «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасының негізінде ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры А.Әбдірәсілқызы және дінтанушылар З.Үсенова, М.Құдайберген, Т.Қожахметова, М.Измухамбетова Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Білім беру бөлімінің ғимаратында және Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің мәжіліс залында дін мәселелері бойынша оқу орынның оқушылары мен бірге студенттермен жекелеген кездесулер  өткізді.

Кездесу барысында ислам атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны, білім беру мекемелерінде орамал тағу мәселесін зайырлылық  талаптарының негізінде жан-жақты түсіндірді. Дәстүрлі діни-танымнан ауытқымай, халықпен ынтымақта болу керектігі айтылды.

Сондай-ақ, студенттер мен ата-аналарға еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаты, радикалды діни ағымдардан сақтанудың жолдары айтылды.   

Кездесуге келген жергілікті тұрғындар көңілдеріндегі сауалдарын қойып, жан-жақты мәліметтер алды. 


Оқылды 555 рет
JoomShaper
Top