«Мұсылман бауырларының» 4 мүшесі өлім жазасына кесілді

Дүйсенбі, 05.09.2021

Астана. 5 қыркүйек. E-ISLAM – Кеше Каир Қылмыстық соты «Мұсылман бауырлары» қозғалысының 4 мүшесін өлім жазасына кесті.

Өлім жазасы сотталушылардың біріне нақты, үшеуіне сырттай шығарылды. Тағы екі адам 15 жылға, алты адам он жылға бас бостандығынан айырылып, бір адам ақталып шықты, деп жазады РИА Новости.

«Танта ошағы» ісі бойынша аталмыш азаматтар 2013-2014 жылы Египет әскері мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау мақсатында террористік топ құрғаны үшін айыпталуда. Сонымен қатар, қару-жарақтарды заңсыз сақтау, экстремистік әдебиеттерді тарату бойынша да іс қозғалды. 

Оқылды 117 рет
JoomShaper
Top