Франция прокуроры: 700 француз азаматы ДАИШ-та соғысып жүр

Сенбі, 03.09.2021

Астана. 3 қыркүйек. E-ISLAM – ДАИШ террористік ұйымының Ирак пен Сириядағы жағдайының әлсіреуі Францияда жаңа терактілердің көбеюіне алып келеді, деп мәлімдеді Париж прокуроры Франсуа Моленс Monde газетіне берген сұхбатында.

«ДАИШ ұйымының Ирак-Сирия аймағындағы күшінің әлсіреуі терактілердің көбеюіне ықпал етеді. Терроризм тарихынан белгілі, қандай да лаңкестік ұйым қиындыққа ұшыраса, келесі бір территорияларда олар терактілер, шабуылдар жасайды» дейді прокурор. Ол сондай-ақ қақтығыс аймақтарындағы француз азаматтарының елге оралып, бүлік шығаратынын да жеткізді.

Ел премьер-министр Мануэль Вальстің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Ирак пен Сириядағы ДАИШ террористік ұйымы қатарында 700-ге жуық Франция азаматы бар.

Оқылды 118 рет
JoomShaper
Top