24 млн бала мектептен тыс қалды

Сенбі, 03.09.2021

Астана. 3 қыркүйек. E-ISLAM – Әртүрлі әскери қақтығыстар орын алған 22 мемлекеттен 24 миллион бала жаңа оқу жылына бара алмады, деп хабарлайды ЮНИСЕФ.

«Қарулы соғыс болып жатқан елдерде тұратын балалар өз үйлерінен, отбасы, ағайын-туыстарынан, достарынан, қауіпсіздігі мен бейбіт өмірінен айырылды. Енді олар қалыпты базалық білім алу мүмкіндіктерінен де ажырады. Бұл дегеніміз балалардың болашағын бұзу, олар оқу-сызудан қалады, өзіне де, қоғамға да үлес қоса алмайды» делінген ЮНИСЕФ өкілі мәлімдемесінде.

Соңғы бірнеше жыл ішінде әлем бойынша 30 миллион бала соғыс қауіп-қатерінен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ал 250 миллионнан аса бала қақтығыс аймақтарында күні бүгінге дейін үреймен күн кешуде. 

Оқылды 98 рет
JoomShaper
Top