Айланның әкесі басты өкінішін жеткізді

Сенбі, 03.09.2021

Астана. 3 қыркүйек. E-ISLAM – Бір жыл бұрын түрік жағалауына шығып қалған баланың өлі денесі босқындардың қасіретті тағдырын әлемге көрсетті. Жуырда суреті жаханды шарлаған Айлана Курдидің әкесі уақиғаның жыл толуына байланысты Bild басылымына сұхбат берді.

Еске сала кетсек, өткен жылы сириялық 3 жасар босқын Айланның өлі денесі Түркия жағалауынан табылған еді. Бұл сурет әлемді дүр сілкіндіріп, адамзат қоғамын босқындар мәселесіне назар аудартқандай болған-ды.

Алайда, осы аласапыран кезеңде тағы 5 жасар Галип есімді баласымен қоса 35 жастағы әйелінен де айырылған Абдулла саясаткерлердің өз уәделері мен сөздерінде тұрмағанына қынжылыс білдірді.

«Саясаткерлер менің отбасымның қазасынан кейін мұндай уақиға енді қайталанбайтынына уәде етті. Барлық билік өкілдері бұл фото жүректерін қозғағанын, тиісті шаралар қабылдайтынын айтты. Ал қазір не болып жатыр? Босқындар күн сайын мерт болуда. Ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ» дейді Айланның әкесі Абдулла.

Отбасын жоғалтқан Абдулла қазіргі уақытта Ирактың солтүстігінде тұрады. 

Оқылды 60 рет
JoomShaper
Top