Мекке уақиғасына кінәлілер әлі күнге жазасын күтіп келеді

Сенбі, 03.09.2021

Астана. 3 қыркүйек. E-ISLAM – Меккедегі Үлкен мешіт территориясында құрылыс кранының құлауы салдарынан орын алған қайғылы уақиғаның өткеніне бір жыл толды. Алайда, 14 адамның үстінен көтерілген сот ісі әлі күнге жалғасып келеді.

Жидда соты алып краның құлауына қатысты іс бойынша бірнеше сессия өткізді. Бірақ, келесі қажылық маусымының келуіне байланысты үзіліс жарияланды, деп хабарлайды Al Arabiya.

Кінәлі деп танылған тұлғалар 20 бап бойынша жазаға тартылады, әсіресе, қауіпсіздік шараларына жауапсыздық таныту салдарынан 110 адамның мерт болуы жазаны күшейте түседі.

Корольдіктің бас прокуроры 14 адамға қатысты ең қатал жазаны талап етті. Аталған айыпталушылардың сегізі – шетел азаматтары. 9 адам Binladen Group холдингінде әл-Харам мешітін кеңейту жобасының қауіпсіздігіне жауапты болған.

Сонымен қатар, сот алдына Умм әл-Кура университетінің техникалық комитеті өз жобаларының іске асырылу барысын бақыламағаны үшін жауапқа тартылмақ.

Оқылды 119 рет
JoomShaper
Top