Мешіт жамағатына жаңа салық енгізіледі

Сейсенбі, 23.08.2021

Астана. 23 тамыз. E-ISLAM – Египет билігі мешітке келуші жамағатқа арнайы салық түрін енгізбек. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Мысыр баспасөзінің хабарлауынша, намазхандарға салық салу ұсынысын Дін істері министрі жасаған. Министр арнайы салқындатқыш жабдықтары бар мешітке келуші жамағаттың ай сайын 20 Мысыр фунты немесе 2,25 доллар салық төлеуі тиістігін жеткізді. Ал қарапайым желдеткіші бар мешіттерге келушілер 10 фунт төлеуі керек.

Алдын ала хабарға сәйкес, бұл бастама әзірге талқылану үстінде. 

Оқылды 156 рет
JoomShaper
Top