Бірнеше мешітте азан орнына ән қойылды

Сейсенбі, 16.08.2021

Астана. 16 тамыз. E-ISLAM – Палестинаның бірнеше мешітінде бір уақытта азан орнына белгілі египеттік әнші Умм-Культумның орындауындағы ән қойылған.

Алдын ала хабар бойынша, уақиға Шхема қаласы маңындағы мешіттерде орын алған.

Аталмыш мешіттерде дауыс ұлғайтқыш аппараттарынан намаз уақытын хабарлайтын дәстүрлі азанның орнына эстрадалық ән ойнаған. Қалалық жарықтандыру желісіне қосылмаған Хадж Нмирдегі мешіт ғана бұл жағдайдан аман қалды. Келеңсіздік дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта бұл әрекеттердің техникалық ақау себебінен немесе қасақана ұйымдастырылғаны тексерілуде.

Оқылды 1002 рет
JoomShaper
Top