Хадистерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шаштарының құлағының жұмсақтарына кейде, құлағының жартысына дейін немесе иықтарына дейін келгендігіне қатысты мәліметтер келген. Имам Нәуәуи Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шашының ұзындығына қатысы келген хадистердегі мәліметтердің әр түрлі болуын, түрлі кезеңдерде түрлі пішімде қойғандығын көрсететіндігін айтады. Демек, Алла елшісінің (с.а.с.) шашының ұзындығының әр түрлі сипатталуы, белгілі бір қатып қалған шаш үлгісінің жоқ екенін көрсетеді. Пайғамбарымыздың киім-кешек, жүріс-тұрыс, шаш пен сақал секілді мәселелерде мына екі нәрсеге мән бергендігі аңғарылады:
1. Тазалық. Шаш қандай ұзындықта болса да таза әрі жинақы болуы тиіс. Пайғамбарымыз шаштарын жиі майлап тұратын. Шаштарды күтіп ұстауды бұйыратын (Тирмизи. Шәмәил 23, Нәсәи, Зиинәһ, 60, Әбу Дәуәд, Таражжул, 3 ). Бірде шашы алба-жұлба болып кеткен бір кісін көрген кезінде: «Мына кісі шаштарына жағатын ешнәрсе таба алмаған ба?» деп шаштың күтімсіз болғанын жақтырмаған-ды (Әбу Дәуд, Либас №4062).
2. Мұсылман еместерге ұқсамауға тырысу.
Ибн Аббас былай дейді: «Кітап иелері саштарын маңдайларына түсіретін, мүшіріктер екіге айыратын. Пайғамбарымыз уахи келмеген мәселелерде кітап иелерінің істегендеріне сай жасауды жақсы көретін. Сондықтан ол шаштарын маңдайына түсіріп қойды. Кейін екіге жарып, (оң және сол жағына қарай) тарады» (Бухари, Либас 70, Муслим, Фәдәил 90, Әбу Дәуд, Тәрәжжул 10). Ғалымдарың айтуы бойынша пайғамбаррымыз уахи келмеген міселелерде кітап иелері секілді жасауға тырысатын. өйткені олардың жасағандарының уахиға сүйенуі ықтималы жоғары еді. Сондықтан алғашқыкездері шаштарын кітап иелері секілді қоюға тырысатын. Уақыт өте келе олардың күпірліктерінен мүлдем бас тарпауларына орай, пайғамбарымыз әр мәселеде олардың істегендеріне қарама-қайшы түрде әрекет ету ұстанымын негізге алған әрі һәм мүшіріктердің көбісі мұсылман болғандықтан шаштарын арабтар секілді ортасынан екіге айыруға көшкен. Нәуәуи «екіге айыруға да, маңдайға түсіруге де рұқсат» деген. Бұл жерде Пайғамбарымыздың ерекше жауапкершілік танытуы Хақ тағаланың қаламаған істерінен бойды аулақ салуға қатысты еді.
Кейбір ғалымдар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шашты тақырлап алуға қатысты кейбір тыйымдарын негізге ала отырып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қажылық тысында шаштарын тақырлап алғандығына қатысты сахих риуаяттардың жоқ екенін айтқан (Ибн Қаиим әл-Жәузия, Зәдул-мәғад, 1/175). Алайда ханафи мәзһабының белгілі ғалымы Алиул-Қари да бірқатар хадистерді дәлелге келтіре отырып, қажылық пен ұмраның тысында да адамдардың шаштарын тықырлатып алып-алмау міселесінде ерікті, алайда, абзалының алдырмау керек екендігін айтқан.
Сонымен қатар, Пайғамбарымыз әйелдердің еркетерге, еркектердің әйелдерге ұқсамай, өз жаратылыстарына сай әрекет ету керектігіне мән берген. Сондықтан әйелдер үшін шашты өсіру сән болса, ер кісілер үшін шашты қысқа етіп ұстау жақсы. Әрине әйелдерге шаштарын қысқартуға рұқсат берілген. Алайда ер кісілер секілді шашты тым қысқартау қажет. Ал ер кісілерге шыштарын иықтарына дейін өсіруге рұқсат берген.
Осы айталғандардың бәрін қорытындалай келе, Пайғамбаррымыздың тән саулығы мен көркемдігі, тазалығына мән бергенін, шашты әр түрлі пішімде қою мәселесінде мұсылман баласының табиғатына сай тұрмыс кешуін. дінсіздерге ұқсамауды әмір етуінің астарында жаман әдеттер мен жағымсыз көріністерден бойды мейлінше аулақ салу мақсатын көздегенін көреміз. Сондықтан шаш қою мен күтімінде белгілі бір пішнге емес, осы мәселелерге басты назар аудару керек.
3. Исламда әйелдің құқықтары неге төмен? Шариғатта әйел адам мұрагерлік үлестен ер кісіге қарағанда екі есе төмен үлес алады. Бұл әделеттілікке жатады ма?
Бұл сұрағыңызға бірден жауап бермес бұрын, Ислам дінінің сол кездегі адамзат тарихына жасаған түпкілікті өзгерісті еске сала кеткен жөн. Ол кездері тек қана арабтар емес, өзге діндер мен мәдениеттерде де әйел адамның жағдайы өте төмін деңгейде болғаны әмбеге аян. Негізінен ер кісіге әйел адамға қарағанда екі есе үлес берудің әйел құқығының төмендігімен мүлдем қатысы жоқ. Негізінде, Ислам келместен бұрын араб қоғамында әйелдің нақты белгіленген мұрагерлік үлесі жоқ еді. Үлесті қоя беріңіз, керек десеңіз әйелдің өзі зат секілді өзгелерге мұраға қалдырылатын. Мұрагерлік құқық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай, қолына қару ұстап, соғыса алатын, балиғатқа толған ер кісілерге ғана берілетін. Ислам діні өзге де көптеген құқықтармен қатар мұрагер болу құқын да белгілеп беру арқылы әйелдер мен қатар кішкентай балалардың да құқықтарын өз қорғауына алған. Бұған қатысты «Ниса» сүресінің 7-аятында: «Ата-ана, туыстардың мұра ретінде қалдырған мүліктерде еркектердің үлесі бар. Әйелдердің де ата-ана, туыстарынан қалған мүлікте үлестері бар. Олар аз болса, да көп болса да парыз етіп бекітілді»,– деп айтылған. Ислам діні тек қана жасы үлкен әрі кіші ұл балалар арасындағы теңсіздікті жойып қана қоймай, ана, қыз бала, апа-қарындас, әже, немере қыз балаға да мұрегерліктен өзіне тиесілі үлес белгілеп берген. Құран белгілеп берген бұл құқықтар өсет тастау арқылы өзгертілмейді.
Ал сіз сұрап отырған сұрақ, мәселенің мән-жайын толық білмеуден әрі ақиқатты бұрмалаудан туындауда. Шын мәнінде ислам шариғатында әйел баласының мұрагерлік үлесі әрдайым ер кісіге берілген үлестің жартысы емес. Оның жағдайына қарай үлес мөлшері де әр түрлі болып келеді. Ер кісіге берілетін үлеспен бірдей үлес берілетін жағдай да бар. Құран кәрімде әйелдің мұрагерлігіне қатысты жоғарыда келтірген «Ниса» сүресінің 7 аятында: «Ата-ана, туыстардың мұра ретінде қалдырған мүліктерде еркектердің үлесі бар. Әйелдердің де ата-ана, туыстарынан қалған мүлікте үлестері бар. Олар аз болса, да көп болса да парыз етіп бекітілді»,– делінген. Құрандда мұрагерліке қатысты аяттардың бәрін бір тұтастық шеңберінде алып қарастырған кезде сұрақта айтылған мәселенің негізсіз екені анықталады.
Мұрагерлік үлестен әйелге ер кісінің үлесінің жартысының тиесілі болуы әйелдің барлық жағдайларда емес, тек бір ата-ананың балалары ретінде еркек бауырларымен бірге мұрагер ретінде қалған жағдайға ғана қатысты. Құранда: «Алла тағала балаларыңа қатысты мына нәрсені бұйырады, (мұрагерлікте) еркектің үлесі әйелдікінің екі есесі. Егер артта қалған балалардың барлығы қыз және екеуден көп болса олардың үлесі қайтыс болған кісінің тастап кеткен мал-мүліктің үште екісі. Егер бір ғана қыз болса, онда мұраның жартысы соған тиесілі»,– деген аяттан («Ниса» сүресі 11-аят) бұл үкімнің жалпы емес сондай жағдайға ғана тән үкім екенін нақты көреміз. Түсініріктірек болу үшін тарқатып айта кетейік:
– Аятта айтылғандай қайтыс болған адамның артында тек қыз балалары қалса және екіден көп болса, оларға үлестің 2/3-і тиесілі («Ниса» сүресі 11-аят).
– Мұрагерлікке қатысты осы аятта бір ата-ананың баласы дүниеден озып, артынан мұра қалдырса және артында балалары бар болса, ата-анасының әр қайсысына үлестің алтыда бірі беріледі («Ниса» сүресі 11-аят). Осы жерде ана ретінде әйелге әкемен бірдей үлес тиесілі екені анық көрсетілген. Бұл бізге әйелге ер кісіге берілген үлестің жартысы беріледі деген үкімнің жалпы үкім емес екенін нақты көрсетеді. Осы аятта егер қайтыс болған адамның артында ұрпақ қалмаса, анасының қалған мұраның үште бірін алатындығы баяндалған.
– Егер әйелдің жұбайы қайтыс болып, артында перзент қалмаса әйелге мұрадан төрттен бір, ал артында перзент қалса сегізден бір үлес беріледі («Ниса» сүресі, 12-аят).
Осы айтыландардың бәрі әйелдің ер кісіден екі есе аз үлес алатындығына қатысты ойдың негізсіз екенін көрсетеді.
Ал бір шаңырақтағы қыз бала мен ер баланың мұрагерлігіне қатысты ер балаға қызға қарағанда екі есе үлестің берілуіне келсек, оның өзіндік мынадай әлеуметтік себептері бар:
1. Ислам шариғаты бойынша әйел адам ана болсын, жар болсын, қарындас болсын мейлі қай жағдайда да өзге адамдардың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге міндетті емес. Керісінше қыз баласының қажеттіліктерінің бәрі ер кісіге (ұлы, ағасы, әкесі, жұбайына) жүктеледі. Сондықтан өз қажеттіліктерімен қатар әйелдердің (жары, қызы, анасы мен әпке-қарындасытарының) де тұрмыс-тіршілігіне қажетті материалдық жағдайды жасауы мойнына жүктелген ер кісінің екі есе үлес алуы заңды һәм өте орынды.
2. Әйел адам өз дүние-мүлкін қалауы бойынша жұмсауға толықтай құқылы. Әйелдің тұрмыстық жағдайы өте жақсы, дәулетті болғанына қарамастан отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін өтеуге міндетті емес. Тіпті ері мүгедек болса да, бала-шағасын бағып-қағу ер кісінің туыстарының мойнына жүктеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, егер ер мен әйел бірдей үлес алар болса, онда отбасына қарауға міндетті ер кісінің жағдайы қиындап, тепе-теңдік бұзылады. Бұл өз кезегінде әділетсіздікке жол ашады.
3. Ер кісі үйленер кезде әйелге мәхір беруге міндетті. Әйелдің мұндай міндеттілігі жоқ, қайта керісінше мәхір алу құқын иеленеді. Әр халықтың әдет-ғұрыпына сай мәхірмен қатар көптеген сыйлықтар да алады. Отбасының қажеттіліктерін өтеуге міндеттелмеген әйел мұның бәрін өз игілігіне жаратып, қаласа дүние-мүлкін айналдырып, көбейте алады. Ал, ер кісі әкеден қалған мұраны ұдайы өзгерелерге жұмсау арқылы таусып бітіреді. Сонымен қатар, тұрмысқа шықпаған қыз баласына әкесінен қалған мұра жетпейтін болса, оған бауырлары көмектеседі.
4. Әйел ерімен ажырасқан жағдайда идда (ажырасқаннан немесе жұбайы қайтыс болғаннан кейін әйелдің күтуі тиіс белгілі бір уақыт) кезеңінде оның киім-кешек, ішіп-жемі, жүріп-тұруы, емделуі т.б. бәрі ер кісінің мойнында болады. Ал әйелде мұндай міндеттілік жоқ.
Осы айтылғандардың бәрінен байқағанымыздай ислам шариғатында күнделікті тұрмыста ер кісіге ауыр жауапкершіліктер жүктелгендіктен осындай артықшылықтар берілген. Бұл бөлініс бір қарағанда артықшылық секілді көрінгенімен, көп жағдайда тіпті әйелдің пайдасына шешілген. Өйткені әйел адам отбасының ешқандай қажеттіліктерін өтеуге міндеттелмеген. Сонымен қатар, әйелдің ер кісіге қарғанда қажеттіліктері көбірек болған жағдайда, өзара ризашылық негізінде басқаша бөлуге де рұқсат бар. Ер кісі өзінің үлесін әйелге сыйлыққа бере алады. Міне, сондықтан да ислам шариғатының үкімі әділетсіздік емес, қайта адам табиғаты мен оның қоғамдағы міндеттіліктерін ескерген әділ үкімнің нақ өзі болып табылады. Қазіргі таңда үлестің теңдей етіп бөлінуіне байланысты бір отбасының ішінде түрлі қулық-сұмдықтар орын алып, тіпті әйел баласына обасының мал-мүлкін далаға әкететін бір тұлға ретінде қарап, үлес бермей қалудың жолын табуға тырысып, айла жасап жатқан оқиғалардың көптеп кездесуі де осы бөліністің дұрыстығын көрсетіп тұр.