Сомали терроризмге қарсы тұру үшін Мысырдан көмек сұрауда

Сәрсенбі, 19.08.2021

Астана. 19 тамыз. E-ISLAM – Сомали Мысыр үкіметінен елдегі белең алып отырған экстремизм мен терроризмге қарсы күрес үшін көмек сұрауда.  Бұл жайында Мысыр сыртқы істер министрі Самих Шукри мен Сомали білім министрі Хадрат Башир арасындағы ресми кездесуде мәлім болды.

Мысыр сыртқы істер министрі Самих Шукри: «Сомали еліне біз қай жағынан болса да қол ұшын беруге дайынбыз. Қазіргі таңда сомали халқының діни сауатын арттырып, исламның орта ұстанымын насихаттайтын жолдарды қарастырудамыз. Әсіресе, жастардың экстремизм мен терроризмге қарсы күресте діни сауат арттыру жағын қолға алып отырмыз» деді.

Оқылды 320 рет
JoomShaper
Top