Жылой ауданы, Тұрғызба ауылының мектеп интернатында 5,6- шы сынып оқушыларымен ‘’Дін және адамгершілік' 'тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп мұғалімдері, оқушылар және ауыл мешіт имамы қатысты. Алғаш cөз алған интернат тәрбиешісі С Қаратаева оқушыларға жат ағымдар ықпалынан сақтануға шақырды. Өз кезегінде сөз алған мешіт имамы Қожанапес Ғанибек, Исламдағы жиһад, иман түсінігі туралы уағыз айтып,.оқушылар қойған сауалдарына жауап берді. Қатысушы тәрбиешілер шара ұйымдастырушы имамға алғысын білдірді.
E-islam.kz