Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

«Дін» атауының тілдік, терминологиялық анықтамасы қандай?

Дүйсенбі, 08.02.2022

Дін деп – яһуди, христиандық, мұсылмандық т.б. сенім жүйелерін айтып жүрміз. Бірақ, түбі араб тілінен шыққан «дін» атауы не мағына береді? Тілдік, терминологиялық анықтамасы қандай? Дін нені реттейді?

Араб тілінде «дін» сөзінің мағынасын бір ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, Құран мен сүннетте дін сөзі көптеген мағыналарда қолданылған. Жалпы, лингвистер дін сөзінің мынадай мағыналары бар деп көрсетеді:

1) Дін – есеп беру деген мағынаны білдіреді. Жұмырбасты пенде илаһи тұрғыда толғауы тоқсан сынақ әлемде бағын сынайтындықтан кәмілетке толғаннан жан тәсілім еткенге дейінгі аралықта кешкен күйбең тірлігі үшін қиямет күні Ұлы Жаратушының құзырында есеп береді. Бұл туралы Құран Кәрімнің Фатиха сүресінде «есеп күнінің Патшасы» деп ескертілген. Осы аятта дін сөзі жаза немесе сый-кәдемен қамтамасыз етуші мағынасында айтылған. Яғни, Ұлы Жаратушы пенделерінің жасаған ізгі және теріс амалдарының қарымтасын қайтарады.

2) Дін – түбірі «ад-даййан», яғни Қадыр (Өте Құдыретті), Хаким (бүкіл қозғалыстар мен іс-әрекеттерге хикметпен үкім етуші), Қаһар (аса қаһарлы) мағыналарын береді. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.у) өз хадистерінде «таддуни» немесе «даййан» сөзін теңдесі жоқ ұлылық мағынасында қолданған.

 3) Дін – «динту ләху» деген сөзден шығады.  Ал, араб тілінде «динту ләху» бұйырық пен тыйымға мойынсұну мағынасын береді. Яғни, «динту ләху» – илаһи үкімдерді басшылыққа ала отырып, шариғатқа сай өмір сүру деген сөз.

4) Араб тілінде дін сөзі «адат» немесе «хал» деген мағыналарды білдіреді. Мысалы, арабтар: «Дийни уа дәйдани» дейді. Мағынасы «бұл менің әдетім» деген сөз. Бұл жердегі «әдет» немесе «жағдай» сөзінде  діни ғұрыптар мен бастан кешкен илаһи хал меңзелген.

5) Дін – құлшылық етушілік Ұлы Жаратушының пенделерінен талап етер ақысы деген мағына береді. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у) өз өсиеттерінде «да наху дәйнан» яғни, «Ол бағындырып, өзіне құл етті» деген сөзді қолданған.

6) Дін – басқару немесе заң мағыналарын береді. Бұл жөнінде Құранның Жүсіп сүресінің 76 аятында «...Өйткені, Алла қаламаса патша дінінде туысын алып қала алмас еді» деп айтылады. Аталмыш аяттағы «дін» сөзі заң мағынасында берілген. Сондай-ақ, араб тіліндегі «динтуһу адийнуху динен» сөзі «оны басқардым» деген мағынаны береді.

Ислам ғұламалары дін сөзінің мынадай илаһи анықтамалары бар деп біледі:

Дін – Адамның Құдыретпен рухани байланыс орнатуы

Дін – Ұлы Басқарушы

Дін – Ұлы Жаратушыдан қорқу

Дін – Мәжбүрлеу

Дін – Хаққа жан-тәнімен мойынсұну

Задында, Құрандағы «дін» сөзі сену және мойынсұну мағынасында айтылған. Адам баласы мына өмірге қайдан келдім, не үшін өмір сүрудемін, қайда барамын, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың ақиқаты не деген маңызды сұрақтарға тылсымнан келген илаһи хабарлар арқылы жауап ала алады. Яғни, он сегіз мың ғаламды «күнфа-и иукун» (бол деу) деп әп-сәтте болдырған Ұлы Жаратушыға сеніп һәм мойынсұнумен ақиқатқа көз жеткізе алады.

Ал, илаһи үкімдер нендей мәселелерді реттеуге бағытталған дегенге келетін болсақ, шейх Уахфа Зухайлдың көзқарасынша дін мынадай қатынастарды реттейді:

1) Адамның Раббысымен қатынасы. Оған шариғаттың «кәлам» (сенім мәселелері) «ғибадат» (құлшылықтар) бөлімімен фиқһтағы (мұсылман құқығы) «Алланың құқығы» мәселелері жатады. 

2) Адамның жеке басымен қатынасы. Оған мінез-құлық пен ішкі танымды реттейтін ислам әдебі мен ислам психологиясы кіреді.

3) Адамның қоғаммен қарым-қатынасы. Оған фиқһ іліміндегі «Муамалат» (мұсылман құқығындағы қоғамдық қатынастарды реттеу) және «ахуал шаһсия»  саласы жатады.

Шиырып айтқанда, дін – Жаббар Хақты танытып, күллі тіршілік заңдылықтарын қамтитын һәм таратып, тарқатып түсіндіріп беретін илаһи құндылықтар жүйесі.  

Оқылды 2235 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top