Шлымова Г.Е., ҚР ДІА Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры
ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ КОНФЕССИЯЛАРЫНА СЕНІМІНІҢ ИНДЕКСІ
Қазақстан өзінің көп конфессиялдық және этникалық әралуандығымен ерекшеленетін әлемдегі аздаған елдердің санатына кіреді. Конфессияаралық келісім діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығы болып табылады. Қазақстанның Президенті, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев толерантылық пен этностар достығын «республика табыстылығының құпиясы» деп атады.
Егемендік алған жылдары Қазақстан кеңістігінде конфессиялық жүйе түбегейлі өзгерді. Осыған дейін болған жаппай атеизм конфессиялық жаңарумен ауысты, сонымен қатар діни сана толеранттыққа және сенімге өзгерді. Конфессиялық плюрализм Қазақстан Республикасындағы жаңа діни жағдайдың маңызды өзгерісі болып табылды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда конфессиялық кеңістік біршама кеңейді және трансформацияланды. Өткен 20 жыл ішінде Қазақстанда халықтың діни деңгейі біршама өсті, діни бірлестіктер саны алты есеге көбейді. 1990 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 10-15 конфессияны мүддесін жақтайтын 671 діни бірлестіктер жұмыс істесе, 2011 жылдың 1 қаңтарына 46 конфессия мен деконфессия мүддесін қолдайтын бірлестіктер 4551-ге жетті. Сунниттік ислам бағытындағы діни бірлестіктер 46-дан 2740-қа, орыс православ шіркеуі 62-ден 311-ге, рим-католик шіркеуі 42-ден 88-ге, протестанттық бағыттағылар 521-ден 1548-ге жетті. Бұдан басқа елде 26 иудаизм, 4 буддизм діни бірлестіктері, сондай-ақ бірнеше діни қайырымдылық қорлары жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының байсалды саясатының арқасында қазақстандық қоғам ашық қарулы қақтығыстардан аулақ болып, елде конфессияаралық және этникоаралық келісімді сақтады.
Бұл жағдайда тағы бір айта кететін нәрсе ол конфессияаралық келісімнің негізіндегі қазақстандық қоғамның өз бойларына жалпыазаматтық сана, дәстүрлі қазақ менталитеті және басқа халықтардың өздік саналарын жинақтаған рухани-адамгершілік ауызбіршілігі. Қазақстан мемлекетінің рухани бағдарына сүйене отырып, оның көпконфессиялы және көпэтникалы халқы өз өмірлеріне батыл және сенімді түрде жол салуда. Алайда осы жүйенің шеңберінен шығып кету үлкен қасіретке әкеліп соқтыруы ғажап емес, себебі ол қазақстандық қоғамның құлауына әкеп соғады. Қазақ халқында мынадай мақал бар «қасықтап жинаған абыройын бір пәсте төкті», шынында да қоғамда бүлік, былық жасап, ғасырлар бойы жиналған мемлекеттің мәртебесін бір мезетте (конфесcияаралық және этникоаралық келісім моделі) жоғалтуға болады.
Көптеген елдер тарихынан білетініміздей, әр түрлі құбылмалы және қиын-қыстау кезеңдерде бірлік осындай тығырықтардан алып шықты. Мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастар аясында экстремизм мен терроризм дамуы жалғасып отырған әлемдегі тепе-теңдік келісім мен бірліктің арқасында сақталады.
Біздің елдің Президенті айтқандай ислам және православ ең басты мәдениетті құраушылар есебінде басқа діндерге еш кедергі келтірмейді. Қазақстан үшін негізгі дәстүрлі діндердің позитивті ролі Дін істері бойынша агенттігінің Мәдениеттер және діндердің халықаралық орталығының тапсырысы бойынша Қоғамдық ой-пікірлерді зерттеу орталығының 2010-2011жж. жүргізген әлеуметтік зерттеу деректері бойынша дәлелденіп отыр.
Зерттеу қорытындысы халықтың ең басты екі дәстүрлі конфессияға деген сенімдерінің аса жоғары екенін көрсетіп отыр.
Қазақстан халқының көптеген бөлігі еліміздегі негізгі екі конфессияны оң қабылдайды, олар: ислам және православие. Қазақстанның тұрғындары жалпы этносаралық қарым-қатынасқа жағымды ықпал жасаушылар біріншіден ислам (61,8%), сондай-ақ православие (53,5%), ал басқа бағыттағы діни ағымдар өте аз.
Зерттеу халықтар ҚМДБ мен ОПШ қызметтерімен таныс емес екендігін көрсетті. Тағы бір айта кететін жағдай халықтың көпшілік бөлігі ҚМДБ мен ОПШ қызметін діни экстремизмге қарсы тұруға күші жеткілікті емес деп бағалайды, немесе олардың осы бағыттағы істерін бағалау оларға қиындық туғызады, алайда ҚМДБ мен ОПШ әлеуетті ролі экстремизмге қарсы өте күшті.
Басқаша айтқанда дәстүрлі конфессиялар елдегі халықтар тарапынан сенімге нық енген діндер. Алайда осы сенімді оларға нақты істермен көрсетулері қажет. Исламда имам немесе муфтий- олар тең адамдар ортасындағы бірінші тұлға, осыған орай муфтият институты – дінге сенушілер мен мемлекет арасындағы делдал, сондықтан ол істеген ісі арқылы нақты абыройға ие, не болмаса ешқандай абыройы жоқ.
Айта кететін жай ҚМДБ елде болып жатқан жаңалықтар мен джағдайлар туралы өзінің нақты ұстанымын айтып отырса – бұл оның басшысына деген абыройды қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа ҚМДБ елдегі ислам кеңістігіне өзінің ықпалын тигізу, оны кеңейту жолында қажетті шараларды қабылдауы қажет.
ҚМДБ «төменгі» исламды ығыстыру үшін күресуі керек.
Осы ең алғашқы қадамы ретінде ҚМДБ жанынан консультативтік орган құруы қажет, ол «Әлемдік кеңес», немесе «Қоғаммен байланыс комитеті» деп аталама, ол онша маңызды емес. Маңыздылығы сол: Қазақстанның көптеген аймақтарында дінге сенушілер арасында діни білімді және абыройлы адамдар жеткілікті, бірақ олардың «ресми» мәртебелері жоқ. Сондықтан ҚМДБ осындай адамдармен ең бірінші болып байланысқа шығып, олармен маңызды тақырыптарды талқылаулары қажет.
Жоғарыда айтылғандардан басқа 2001 жылдың көктемінде ресейлік мұсылмандардың әлеуметтік бағдарламасының қабылданғанын, 2000 жылдың тамыз айында ОПШ Архиерейский шіркеуінің Орыс православ шіркеуінің әлеуметтік концепциясын бекіткенін айта кеткен жөн. Сонымен, біздің стратегиялық серіктесіміз Ресейдің жетекші конфессиялары белсенді әлеуметтік позицияға ие, бұл олардың халық алдындағы абыройларын көтеруі сөзсіз.
Тағы да айта кететін жағдай істелетін жұмыстың ең басты бір бағыты діни ағартушылыққа байланысты болуы қажет, себебі көптеген азаматтар осы уақытқа дейін шын дінді профанациядан ажырата алмайды.
Соған байланысты білім беретін ұйымдарда жастарды рухани ағарту жұмыстарын конфессия өкілдері емес, зиялы дінтанушылар жүзеге асырулары қажет. Себебі Қазақстандағы білім беру мен тәрбиелеу жүйесі, дін мен діни бірлестіктерден ажыратылған және зиялылық сипатта.
Елімізде ислам және православие христиандық екі негізгі діни конфессия бар. Барлық дінге сенетіндердің діни нанымдарына құрметпен қарайтындай мемлекет тарапынан саясат құрылып отыр. Бұл өз кезегінде өзара түсіністікке, төзімділікке, достастық пен бейбітшілікке жағдай жасаудың негізі. Осының негізінде біздің көп ұлтты елімізде толеранттылық, өзара келісім сақталып отыр. Біз толеранттылық пен барша діндер мен ұлттардың түсіністігі тұрғысында басқаларға үлгіміз. Ұлтына және нәсіліне, діни нанымына, тіліне қарамастан барлық азаматтардың тең құқын қамтамасыз ету - біздің болашақта да тұрақты дамуымызда игі бастау болып табылады. Бұл құндылықтарды әрқашан сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізе білу біздің алдымызда тұрған ең басты міндет деп білуіміз керек. Назарбаев толеранттық пен этностар арасындағы достықты Қазақстан табыстылығының сыры деп атады.
//http://tengrinews.kz/Kazakhstan_news/202098/
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мемлекет және дін» журналы № 1-2 (16-17), 7-16 бет // Казахстанская правда газеті 15.10.2021 жыл № 330-331.
«Қазақстандық қоғам санасындағы дәстүрлі, ұлттық және діни құндылықтар» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша есеп // Қазақстан Республикасы Дін істері АгенттігініңХалықаралық мәдениет және дін орталығы РММ, Астана, 2011 жыл
Ресей мұсылмандарының әлеуметтік бағдарламасының негізгі ережелері
Орыс православ шіркеуінің әлеуметтік концепциясының негіздері.
«Президент және халық» газеті