АҚШ-тың РЕW зерттеу орталығының мәлімдеуінше, әлемдегі мұсылмандардың саны 1.6 миллиардтқа жетіп отыр. Яғни, жер шарындағы халықтың төртіншісі Исламды ұстанады.
Сонымен қатар, мұсылмандардың Азия құрлығындағы үлесі 60 пайыз болса, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада 20 пайыз. Ал Еуропада тұратын мұсылмандардың саны Орта Азия мемлекеттеріндегі мұсылмандардың санынан әлдеқайда артық екен. Осы мәліметтер Ислам дінін ұстанатын ұлт пен ұлыстардың саны алуан түрлі екендігіне дәлел.
Жалпы, Ислам діні ұлттық құндылықтарды айрықша бағалап, әрбір халықтың салт–дәстүріне, әдет–ғұрпына, мәдениетіне айрықша құрмет көрсетеді.
Қасиетті Құран Кәрімнің Хужурат сүресінің он үшінші аятында: «Ей адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттым. Сондай-ақ бір–бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шексіз Алла толық білуші әр нәрседен хабар алушы»- деп Алла тағала ұлт пен руды тану үшін жаратқанын айтады. Әрбір ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтары бар. Ұлт сол болмысы арқылы, яғни, ана тілі, салт–дәстүрі, өнері, мәдениеті бойынша ерекшеленеді.
Ықылым заманнан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтап, ұлттық мүддені әрдайым биікте ұстау негізгі азаматтық міндеттеріміз болып саналады. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық салт–дәстүрлері Ислам құндылықтарымен үндесіп жатқанын әсте естен шығармауымыз керек.
Егеменді елімізде төл дініміз – Ислам қарыштай дамып, кеңінен қанат жайып келеді. Дегенменде, өз қандастарымыздың арасында бүйректен сирақ шығарып, ұлттық салт– дәстүрімізді мансұқ етіп, шариғат жолымен жүруіміз керек деп жоғарыдағы айтылған Құран аятына қарсы пікір айтып жүр. Тіпті, араб, парсы халықтарының салт–дәстүрін Ислам жолымен шатастырып, ел ішіне басқа халықтың дәстүрін насихаттаушылар жиі кездеседі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде «Араб ұлты өзге ұлттардан үстем емес. Үстем болу Аллаһқа деген жақындықпен (тақуалықпен) өлшенеді» деген. АллаҺ елшісі (с.ғ.с)-ның көптеген сахабалары басқа ұлттың өкілдері болған. Оларға силастық көрсетіп, олар ұстанған салт–дәстүрге құрметпен қараған.
Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) шариғатқа қайшы келмейтін өз ұлтының салт–дәстүріне, әдет–ғұрпына тыйым салмай оны өзі де ұстанған. Шейх Солих әс–Сәдлән: «Пайғамбарымыздың тұсында адамдар өз тұрмыстарына сай амалдар жасаған. Оған пайғамбар тыйым салмаған»-дейді. Ұлты еврей Абдалла ибн Салам, эфиоп Биләл, парсы Сальман ал-Фариси Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с)-тың жақын серіктері болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) олардың араб болуын еш уақытта талап еткен жоқ. Тек, оларды бір Аллаға сенуге шақырды.
Хижраның алғашқы ғасырында Ислам дінін тарату кезінде арабтар әрбір ұлттың төл мәдениеті, салт–дәстүрі мен тіліне айрықша құрметпен қарады. Егер де Ислам діні әрбір халықтың ұлттық құндылықтарына шектеу қойған жағдайда әлемдік дін деңгейіне көтерілмеген болар еді. Олар қасиетті Құрандағы: «Жындар мен адамдарды Өзіме ғибадат ету үшін жараттым»-деген Аллаһтың сөзін берік ұстанып, барша халықты бір Жаратушыға құлшылық етуге шақырды және де Ислам мемлекеттері басқа дін өкілдеріне силастықпен қарағаны тарихтан мәлім. Еуропаны ұзақ жылдар бойы билеген Осман империясы өз құрамындағы серб, грек, болгар т.б. ұлттардың өз дәстүрін, сенімін сақтап өмір сүруіне шектеу қоймады. Осы әділдігімен тарихта қалды.
Кешегі кеңестік империя өзі билік еткен барлық ұлттарға орыстандыру саясатын жүргізіп, қол астындағы ұлттардың рухани құндылықтарын жаппай құртып, жойып жіберуге бар күш-жігерін жұмсады. Дінді соқыр сенім десе, ұлттық салт-дәстүрді ескінің қалдығы деп халық жадынан көп нәрсені өшіріп тастады.
«Дәстүрдің озығы да, тозығы да бар»- дегендей ұлттық салт-дәстүрлердің барлығын бірдей дәріптеуден аулақпыз. Дегенменде, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының басым көпшілігі Ислам құндылықтарымен үйлесіп, ұлттық тәрбиенің мәйегіне айналған.
Шариғатта «Әл-уруф» (ғұрып ) және «Әл-ада» (әдет) деп аталып, халықтың салт-дәстүріне сүйеніп шығарған үкімдер де бар. Егерде салт-дәстүр шариғатқа қайшы келмесе онда оның орындалуына рұхсат етілген.
АллаҺ Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Кішіпейілділік таныт, жақсылықты бұйырда, надандардан бет бұр!»- деген ( Әғраф сүресі, 199 аят) . Ислам ғалымы имам әл-Қарафи осы аятты негізге ала отырып: «Салт-дәстүр нұсқайтын әрбір нәрсенің орны бар» -деген. Имам Әл-Кәсәни: «Шариғатта тікелей нұсқауы жоқ нәрсе салт-дәстүрге қайтарылады, өйткені дәстүр дәлел болып табылады»- десе, Имам әс-Сархаси: «Әдет-ғұрыппен берілген нәрсе, шариғатта бекітілгенмен тең»- деп салт-дәстүрдің маңызын айрықша атаған.
Он үш ғасыр бойы Исламнан нәр алып келе жатқан халқымыздың көптеген салт-дәстүрлерінің тамыры шариғат қағидаларымен сабақтас. Мәселен, кейбір мұсылман бауырларымыз қайтыс болған адамға қатым түсіру, жетісін, қырқын беру шариғатымызда жоқ деген уәжді жиі айтады. Олар осындай салт-дәстүрлердің маңызын өз ақыл таразысымен шешуге тырысады. Ал, шындығында осы амалдардың барлығы шариғат қағидаларына сай атқарылады. Расын айтсақ, біздің ата-бабаларымыз дінді бізден жақсы білген. Мысалы: жетісін, қырқын, жылын жасауда немесе қатым түсіруде қандай хикмет бар?
Сахих Муслимнің 5 том 73 бетінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:
قال رسول . قال رسول الله صلى الله عليه وسلم * اذا مات الانسان انقطع عمله الا من ثلاث صدقة جارية او علم ينتفع به. او ولد صالح يدعو له .*
«Үш түрлі адамның амал дәптері өзі өмірден өтсе де үзілмейді. Садақа берген адам және білім берген адам және мәйіттің артында салиқалы баласы қалып дұға етсе».
Осы жоғарыдағы хадисте келтірілген үш түрлі адамның амал дәптері өзі өмірден өтсе де жалғаса береді.
Барлық адам баласының амалы өмірден өтуімен тоқтайды. Яғни, егер ол ана дүниеге өтсе, онда оның дұға тілегі және тәубесі Алланың алдында қабыл емес.
Имам Тирмизидің хадис кітабында Омар бин Хаттабтан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
قال رسول الله صلى الله عليه وسلم .* ان الله يقبل التوبة ما لم يغرغر . *
«Алла Тағала тәубелеріңді жандарың алқымдарыңа келгенше қабыл етеді» - дейді. Яғни, жан денені тастап шыққанда оның қылған тәубесі қабыл емес. Неге? Өйткені, оның жаны денеден шыққаннан кейін Алла Тағала оған ана дүниенің барлығын білдіреді. Демек, ол адамға сынақтың жауабын көрсетті.
Алла Тағала бізді осы дүниеге бір сынақ үшін жіберді. Сондықтан, біз осы дүниеде қандай тәубе етсек, Алла Тағала оны қабыл етеді. Ал жанымыз денемізден шығып кеткеннен кейін жанымыздың Алла Тағалаға қылған тәубесі қабыл емес. Өйткені, ол жан денемізден шыққан мезетте-ақ Алла Тағала оған ана дүниенің барын көрсетеді. Осы дүние тек сынақ үшін екенін жан сол кезде түсінеді. Бірақ, ол кезде әрине тәубе қылу кеш.
Алла Тағала Құран Кәрімде осы дүниеде адасып, жақсы амал істемей ана дүниеде ақыры өкініште болатынын баян етеді. Әрине, Алла Тағала адам баласының қиямет күні не айтатынын біледі. Мү`минун сүресінің 99-100-ші аяттарында:
قال تعالي ** حتي اذا جاء احدهم الموت قال رب ارجعون 99 لعلي اعمل صالحا فيما تركت كلا انها كلمة هو قاءلها و من
وراءهم برزخ الي يوم يبعثون 100 .**
«Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: «Раббым! Мені дүниеге қайтар!» (99). Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін. Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі» (100).
Әрине, осы мезетте өлген адам осы дүниедегі тірі адамға мұқтаж болып қалады. Өйткені, тірі адамның дұға тілегі қабыл. Оған дәлел Бақара сүресінің 186-шы аятында:
و اذا ساْلك عبادي عني فاءني قريب اْجيب دعوة الداع اذا دعان
«Егер менің құлым мен жайында сұраса мен оған жақынмын, сұраушының тілегін қабыл етемін».
Осы жоғарыдағы аят пен хадистен түсінеріміз Алла Тағала тірі адамның қандай дұға тілегі болса қабыл етеді екен.
Бұл жерде тағы бір сұрақ туындауы мүмкін. Біздің дұға-тілегіміз және берген садақамыздың сауабы тікелей мәйітке жете ме?
Мәйітке арнап берген садақамыздың сауабы марқұмға жетеді.
Имам Бухаридің «Китабул-уасая» атты хадис кітабында келген хадисте және Имам Муслимнің «Ал-уасия» атты хадис кітабында келген хадисте Айша (р.л.ғ.) риуаят етілген:
عن عاءشة رضي اللة عنها * اْن رجلا قال للنبي . صلى الله عليه وسلم
ان اْمي افتلتت نفسها و اني اْظنها لو تكلمت تصدقت فلي اْجر اْن اْتصدق
عنها ؟ قال نعم *.
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірадамкеліп: «Анамкенеттенқайтысболды. Егеранамсөйлеугекүйіжеткендесадақабергенболармаедідепойлаймын. Егерменанамүшінсадақаберсемсауабыоғанжетеме?» депПайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нансұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ия, сауабыжетеді»депжауапберді.
ОсыжоғарыдағыПайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіненнетүсінеміз? Яғни, өмірденөткенадамүшінсадақаберсексауабысолмәйіткежетедіекен.
АллаТағалаЯсинсүресінің 12 аятында:
قال تعالي ** انا نحن نحي الموتي و نكتب ما قدموا و ءاثارهم و كل شيء اْحصيناه في امام مبين 12**
«Рас біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ, олардың ілгері жібергеннен кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық».
Не үшін Алла Тағала «Кейін қалдырған нәрселерін жазамыз» деді.
Егер ол адам тірі кезінде қандай бір жақсылық істесе сауабы өлгеннен кейін де барып тұрады және мәйітке арнап садақа берсеңіз, Құран оқысаңыз сауабы барып тұрады дегенді білдіреді.
Мәйітке дұға пайда бере ме?
Имам Ал-Баззар өзінің «Мажмағул зауайд» - атты кітабында Абу Хурайрадан риуаят етілген сахих хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты:
و روي البزار باْسناد رجاله الصحيح عن اْبي هريرة عن النبي
صلى الله عليه وسلم قال * ان الله تعالي ليرفع للرجل الدرجة فيقول اْني
لي هذه فيقول * بدعاء ولدك لك*.
«Алла Тағала қиямет күні бір адамның дәрежесін көтергенде, әлгі адам: «Я, Раббым! Менің дәрежемді не үшін көтердіңіз?» дейді.
Алла Тағала: «Балаңның саған жасаған дұғасы үшін».
Осы жоғарыдағы хадис мәйітке дұғаның пайдасы бар екенін дәлел етеді және осы жайында тағы басқа хадистер жетерлік.
Мәйітке оқылған Құран, берген садақа, дұғаның сауабы мәйітке барады екен. Әрине біздің ата-бабаларымыз осы хадистерге амал қылғаны айдан анық.
Мәйітке оқылатын хатым, жетісі, қырқы және жылының қандай пайдасы бар дейтін болсақ, мәйітке арнап жайылған дастархан, оған берілген садақа болып саналады. Ал садақаның мәйітке сауабы жететініне дәлелдейтін хадисті жоғарыда келтірдік.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Әр қонақ сол шаңыраққа он ырыздықпен келеді де, біреуін жеп, тоғызын тастап кетеді». Ырыздық дегеніміз – ол мал-мүлік, ғұмырының ұзақтығы, дүниеге сәби келу т.б.
Қазақ халқы өлім мен тойда жиналады. Біреудің жетісі, қырқы немесе жылдығы деп жан-жақтан келіп, бас қосады. Сол жиналған жұртқа имам уағыз айтып, халықты имандылыққа шақырады. Осындай жиылыстар болмаса дін өкілдері дінді халыққа ұғынықты етіп жеткізуі қиын. Яғни, осындай отырыстар болмаса мешіт пен халықтың арасындағы байланыс үзіледі.
Кісі қайтқан үйге туысқандары жиылып, көңіл айтып, материалдық т.б. көмек көрсетеді. Бұл әрине туысқандардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктері арта түседі. Дінімізде туысқандардың арасын біріктіру, жақындату басты назарда болып саналады.
Имам Бухари мен Муслимнің хадис кітабында Жабир бин Мутғим (р.ғ.)- риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:
و روي جابر بن مطعم رضي الله عنه فقال النبي صلى الله عليه وسلم *
القاطع لا يدخل الجنة.*
«Туысқандықты үзген адам жәннатқа кірмейді».
Әрине жетісі, қырқы, жылы сияқты немесе хатым түсіру шариғатта рұқсат. Бірақ, осы жәйтті харамға айналдырып алмауымыз керек.
Қорыта айтқанда, біз төл дінімізбен қатар ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихатталуына айрықша көңіл бөлуіміз керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің нәтиежесінде бүгінде сүйікті Отанымыз- Қазақстан мемлекетін күллі әлем қауымдастығы танып отыр. Біздің ендігі басты міндетіміз - қасиетті Ислам дінін дамыта отырып, ел игілігі үшін аянбай еңбек ету.
Аллаһ Тағала баршамыздың дін жолындағы қызметімізге табыс нәсіп етсін! Әмин.
Тыныштықбай Мырзаев
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңіріндегі өкіл имамы