Əбу Насыр Әл-Фараби жəне оның заманы

Жексенбі, 27.10.2021

Орталық Азия, Қазақстан жəне бүкіл Шығыс халықтарының əлемдік ғылым мен мəдениет тарихында Фараб қаласының (Отырар, Оңтүстік Қазақстан) данышпан тумасы, ұлы ойшыл, философ, ғалым-энциклопедист əл-Фараби айрықша орынға ие.

Орталық Азия мен Қазақстан сонау Шығыс Жерорта теңізінен қазақ даласына дейін созылып жатқан, адамзат өркениетінің ежелгі ошағы пайда болған кең-байтақ аймаққа кіреді. Дəл осы жерде мыңдаған жылдар бұрын ежелгі Шығыстың бүкіл экономикасын қуаттандырған екі негізгі шаруашылық – егін жəне мал шаруашылықтары, одан кейін қолөнер мен қалалар пайда болған. Ерекше атап өтер жайт, осы аймақтың халықтары мен елдері ерте кезден бастап-ақ бір-бірінен бөлек өмір сүрген жоқ, олар тұрақты түрде мəдени, экономикалық жəне этностық байланыстар мен қарым-қатынаста болды.

Б.э.д. VII-VI м.ж. Орталық Азия мен Қазақстанда өндірістік шаруашылыққа ауысу жүзеге асты. Бес мың жылдай уақыт бұрын мұнда өзінің типі мен құрылымы жағынан қалаларға жақындайтын елді мекендер болды, ал б.э.д. І м.ж. таптық қоғам қалыптаса бастады, алғашқы мемлекеттік қауымдастықтар пайда болды, олардың ішіндегі ең құдіреттісі ежелгі Хорезм мен Бактрия еді. Біздің эрамыздың бас шебінде Орталық Азияда Парфян жəне Кушан патшалықтары құрылды. Біріншісінің құрамына қазіргі Иран мен Месопотамия территориялары, ал екіншісіне Ауғанстан мен солтүстік Үндістан кірді. Парфян жасақтарының тегеурінді шабуылына рим легиондары қарсы тұра алмады, ал кушан əскері қытай императорлары үшін найзағай болды.

Бұл кезеңде Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының материалды жəне рухани мəдениеті керемет гүлдеді, қалаларда зəулім сəулет ансамбльдері жасалды, көркемөнер мен сəулет өнерінің синтезі орын алды. Сол дəуірдің тамаша ескерткіштері: əйгілі Əмудариялық қойма мен Есік алтын заттар кешені, Ежелгі Нистегі эллинистік мүсіндер мен ритондар, Балалық-Тепе, Аджин-Тепенің тамаша полихромды көркем сурет үлгілері, Педжикент, Афрасиаба, Шахристанның сəнді сарайларының барынша жетік стильде орындалғандығы соншалық, олар əлі күнге дейін біздің эстетикалық сезімімізге əсер етеді.

 Мұның бəрі осы аймақтағы халықтардың көркемдік данышпандығының, олардың адамзаттың əлемдік асыл мұрасына қосқан үлесінің дəлелі болып табылады. Зороастризм жəне осы аймақтағы басқа да діндердің идеялары абтрактілі ойлаудың, философияның дамуының бастауы туралы мəлімет береді. Алғашқы жылнамалар жасалады. Халық шығармашлығыжанданады. Поэзия биік шыңдарғажетеді.

Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі мəдениет туындыларының өзіндік болмысының айқын қырлары Шығыстағы жалпы мəдени процестер туралы түсінік береді, Жерорта теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі көптген елдердің өнеріне тəн бітістерді бейнелейді. Ежелгі Греция мен Римнің, кейінірек бүкіл эллиндік əлемнің, Индияның жəне т.б. елдердің əсерін өз бойынан өткізе отырып Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының мəдениеті өз кезегінде көрші халықтардың көркемдік мəдениетінің қалыптасуы мен дамуына ықпалын аз тигізген жоқ. Сонымен, Индияның гандхарлық мəдениетінің негізінде бактриялық өнермен тығыз байланысты көркемдік қыртыс жатыр; орта азиялық жəне қазақстандық көшпенділердің өнері («аң стилі») ахеменидтік Иран жəне т.б. өнеріне айрықша ықпалжасады.

Б.э. VІІ ғ. ортасынан бастап Орталық Азия мен Қазақстанның жартысы орасан зор Араб халифатының құрамына қосылды. Араб төбе топтарының қызығушылықтарының негізінде жүзеге асқан жаулап алулар еңбек бұқарасына зорлық пен құлдырау, жер мен үйден айырылу, езгі алып келді, сондықтан олардың ашулы қарсылығын туғызды.

Халифаттың құрамына енген территорияларда жүзеге асқан сол кездегі этногенетикалық, тілдік жəне мəдени процестер өте күрделі болды. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы маңызды этникалық бұқаралар тілі бойынша «арабшаланды». Алайда, туған тілдерін сақтап қалған елді- мекендер орналасқан аймақтарда исламизациялау орын алды, сонымен бірге араб тілі кең қанат жайып, барлық мемлкеттік жазбалар жергілікті тілден араб тіліне аударылды. Осылайша, əртүрлі тілде сөйлейтін көптеген халықтар мекендеген мемлекет – халифатта бұл тіл жалпымемлекеттік қарым-қатынасы тіліне айналды.

Бірнеше этникалық бұқараларды бір мемлекетке біріктірудің салдарынан сауда мен мəдени алмасу ерекше кеңейді. Өзінің құнды мəдени салт-дəстүрімен халифат құрамына кірген елдер көлемді араб державасының басқа салаларында жасалған техникалық, ғылыми жетістіктерді тез əрі оңай сіңірді, жəне осы жетістіктермен алмасудың құралы араб тілі болды. Ортағасырлық Еуропадағы латын тілі секілді ол халифат территориясында əмбебап ғылыми тілге айналды. Тек кейінірек, жаулап алынған халықтардың ғылыми əдебиеті өз тілдерінде қайта пайда болады.

Кейде шартты түрде «араб» немесе «мұсылмандық» деп аталатын халифат мəдениеті – көптеген, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының мəдениеттерінің синтезі. Халифаттағы ортақ діни дүниетаныммен əртүрлі этномəдени элементтердің тығыз, үздіксіз қарым-қатынасы оның спецификалық қырларын қамтамасыз етті. Алайда, осы мемлекеттік бірлестікке кірген əрбір халықтың ХІ-Х ғғ. соңындағы жеке мəдени салт- дəстүрі мен əлеуметтік-экономикалық факторлармен айқындалған өзінің мəдени ерекшеліктерін, өзіндік болмысын сақтап қалуы уақыт өте келе жергілікті мəдениеттердің қайтажаңғыруына əкеледі.

ІХ-ХІІ ғғ. халифат мəдениеті сол кездегі еуорпалықтан əлдеқайда жоғары дəрежеде болды. Оның тарихи зор еңбегі еуропалықтардың Шығыс халықтарының жетістіктерімен танысуын қамтамасыз еткен шығыс ғалымдардың еңбектері мен іс-əрекеттерінед меңгеріліп, шығармашылық тұрғыда өңделген көптеген антикалық дəстүрлердің (əсіресе, жаратылыстану ғылымдары мен философия саласы) кең таралуы деп есептуге болады. Фараби, Бируни, Ибн Сина жəне көптеген басқа да ойшылдар тек халифаттың ғана емес, бүкіл адамзат мəдениеті мен ғылымына аса ірі үлес қосты. Медициналық шығармалар мен математикалық трактаттар,  астрономиялық кестелер мен түрлі тілден (ең алдымен антикалық) аударылған араб аудармалары Батысқа жетіп, жүз жыл бойы орасан зор абыройға ие болды. Батысеуропалық əдебиеттің дамуында да Шығыстың рөлі айрықша.

Сонымен, тарихи тұрғыдан алғанда Орталық Азия мен Қазақстанның жарты бөлігінің халифат құрамына кіруі феодализмнің, осы аймақтағы халықтық шоғырланудың тез дамуын, олардың бөлшектенуін төмендетіп,  орталықтандырылған мемелекеттің құрылуын қамтамасыз етті. Басында жергілікті экономика мен мəдениетке зор залал əкелген Араб халифаты кейінірек (ХІ-ХІІ ғғ.) Орталық Азия, Қазақстан жəне бүкіл Таяу Шығыстың мəдениеттерінің синтезіне қолжеткізді.

Фарабидің дəуірінде (ІХғ. екінші жартысы – Хғ. бірінші жартысы) халифат саяси тұрғыдан алғанда ортақ тұтас емес еді. Орталық аббасидтік үкіметтік басқару осы уақытта бір Иран тарапынан шектелді. Испания, Солтүстік Африка, Египет пен Сирия өзіндік династиялармен басқарылды.

Егер тікелей Орталық Азияға келер болсақ, мұнда Тахиридтердің, Сафаридтер мен Саманидтердің мемлекеттері пайда болады. Соңғысының құрамына Орта Азияның негізгі бөлігі, Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтары, сонымен қатар, шығыс жəне солтүстік Иран кірді. Исмаил Саманидтің (892-907 жж.) тұсында ауқымды мемлекет құрылады. Ірі феодал болған ол ең алдымен жергілікті феодал ақсүйектері мен көпестердің қызығушылықтарын қорғады. Бірақ, оның сыртқы қауіпсіздікті бекітуге жəнеішкі басқаруды реттеуге деген талпынысы ауыл шаруашылығының, қолөнер, сауда, ғылым мен мəдениеттің дамуының қажетті алғышарттарын əкелді.

Тарихи ғылымда көп уақыт бойы еуразиялық дала аймағы тек көшпенділік мал шаруашылығына ғана жарамды болды, ал көшпенді тайпалар мен халықтардың мəдениеті төменгі дəрежелі, себебі көшпенділер жоғары өркениет құруға қабілетсіз деген жалаң тұжырым үстемдік етті. Мұның бəрі, əрине шындық емес.

Кеңес ғалымдарының зерттеулері (ең алдымен архенологтардың) Орталық Азия мен Қазақстанның жəне Еуразияның басқа да аймақтарының тарихы мəселесін нақты өңдеуге үлкен үлес қосты. Бұрын таза көшпенді шаруашылық мекендері болып есептелген барлық территорияларда өндіріс күшінің дамуы отырықшы елді-мекендер мен қалалардың пайда болуына əкелгендігі анықталды.

Араб халифаты дəуірінің өзінде Орталық Азия мен Қазақстан тұрғындары (қолөнершілер, шаруа адамдары) оның экономикалық потенциалына зор үлес қосқандығы айқындалды. Осы аймақтардан түрлі шикізат пен дайын өнімдерді халифаттың батыс бөліктеріне тасымалдау өте кең жүзеге асты. Мысалы, бұхаралық жəне мəруалық маталар бағдат базарларында əйгілі болған. Самарқан ІХғ. өзінде қағаз өндірісінің ірі орталығы болған; жəне Хғ. самарқан қағазы ең сапалы болып есептелген. Ферғана тауларынан өндірілген орта азиялық темір оның орталығында өңделіп, одан жасалған бұйымдар Бағдатқа дейін жеткізілді. Орта азиялық жəне қазақстандық асыл тастар үлкен танымалдылыққа ие болды. Сол уақыттағы керуен саудасы – Орталық Азия мен Қазақстанның халифаттың басқа елдерімен тұрақты экономикалық байланыста болғандығының дəлелі.

Кеңес археологтарының (соның ішінде, қазақ ғалымдарының) үлкен еңбегі – Қазақстанда, əсіресе оның оңтүстік бөліктерінде дамыған отырықшы жəне қалалық өмірдің болғандығының анықталуы. Көшпенді тұрмыс пен отырықшылық шаруашылықтың бірігуі Қазақстанның барлық, əсіресе, өзенді, көлді жəне таулы бөктерде орналасқан аймақтарына тəн болған. Шу, Талас, Сырдария өзендерінің қауызы қайнап жатқан қала өмірінің орталықтыры болған. 

Салмақтырақ нəтижелер ҚазССР-ы Ш.Ш.Уəлиханов атындағы тарих, археология жіне этнография Институтының археологиялық экспедицияларының нəтижесінде алынды. Бұл - Шардара экспедициясы (1959-1963 жж.), Тараздағы қазба жұмыстары (2958-1965 жж.) жəне Отырар экспедициясы (1969-1970 жж. жұмысын бастады). Бүгінгі таңда Қазақстанның оңтүстігінен 300-ден аса қолөнерші елді-мекендер мен ортағасырлық қалалардың қалдықтары табылған.

Қалалар əркезде де білім мен мəдениеттің орталығы болған. Мысалы, медресе Орта Азияда пайда болды, кейін Х-ХІ ғғ. бүкіл мұсылмандық Шығысқа кеңжайылады.

Сонымен, Фараби өмір сүрген дəуірде, бүкіл ортағасырлық Шығыста феодалдық қатынастардың қалыптасуы аяқталып, бірте-бірте өндіріс күштерініңжоғарылауы, қалалардың өсуі, жəне осыған байланысты мəдениет пен ғылымныңжандануы байқала бастады.

Алайда, біз феодалдық құрылымдардың ішінде қиян-кескі таптық күрестердің жүзеге асқанын ұмытпаймыз. Қолөнердің, сауданың дамуы, қалалардың өсуі шаруалар мен қолөнершілердің еңбегін қатал эксплуатациялаудың есебінен іске асты. Халифаттың əр аймақтарының басшылары еңбекші халықтың қолымен тұрғызылған сəнді сарайларды салумен өзара жарысты. Халық бұқарасының наразылығының арқасындатүрлі секталық жəне реформалық қозғалыстардың, ашық түрде таптық күрестің (мысалы, Бабек қозғалысы) пайда болғандығы көрініс тапты.

ІХ ғ. ортаазиялық жəне оңтүстік қазақстандық қалалар мен елді-мекендерден шыққан ғалымдар өздерінің еңбектерін тек араб тілінде жазды. Осы жерде хорезмдік Мұхаммед ибн Мусу əл-Хорезмиді (780-863 жж.) айта кеткен жөн, оған алгебраның негізі мен ондық санау жүйесінің қалыптасуы тиесілі. Оның замандасы атақты астроном, Ферғана тумасы Ахмет ибн Мұхаммед əл-Ферғани грек идеяларының негізінде астрономиялық білімдердің қысқа заңдар жинағын шығарды. ХІІ ғ. өзінде оның трактаты латын тіліне екі рет, кейін басқа да тілдерге аударылды. 

Əл Ферғани туралы Данте хабардар болған жəне оның аты Еуропада ХVІІІ ғ. дейін жаңғырып тұрды. ІХ ғ. Мəруа қаласының тумасы Хабаш əл-Хасиб математика саласында маңызды жаңалықтарға қол жеткізеді. Сонымен қатар, Əбу Машар, Жафар жəне Мұхаммед əл-Балхи секілді астрономдар мен математиктердің есімін атап кеткен жөн. Орта Азия мен Қазақстан жерінен шыққан медициналық, химиялық, тіл ғылымы жəне т.б. трактаттардың, тарихи, географиялық шығармалардың авторларыының есімдері де белгілі. ІХ ғ. өзінде Мəруа мен Балха қалаларында обсерваториялар салынғанболатын. Жоғарыда аталған жайттардан əл-Фараби секілді тұлғаның бой көрсетуі кездейсоқ еместігі айқын болады.

Əл-Фарабидің замандасы ақындардың атасы – тəжік-парсы поэзиясының іргетасын қалаушы Əбу Абдуллах Жафар Рудаки (941 жылы немесе 952 жылы дүниеден өткен) болды. Саманидтік заманның ғалымдары мен ақындарының тұтас саңлақтар тобы болды. Х ғ. соңында ұлы Əбу əл-Қасым Фирдоуси өзінің мəңгілік «Шахнаме» шығармасын аяқтаған кезде, сол кездің данышпан ғалымдары Ибн Сина мен Бирунидің іс-əрекеттері басталады.

Кеңес ғалымдары өзінің масштабы бойынша ауқымды жұмысты Отырар оазисінде атқарды. Бұл жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталуға тырысамыз, себебі бұл оазистегі қалада ұлы ғалым Əбу Насыр əл-Фараби дүниеге келген.

Жазба нұсқалар ІХ-Х ғғ. Отырыр оазисі туралы толық мəліметтер бермейді. Ол кезде ол Испиджабтың аумағына кіретін болған. Испиджаб қаласын «адамдардың молдығы мен кеңдігі» арқылы аймақ атай отырып, сол заман өкілдері оның айналасында көптеген қалалар мен елді-мекендердің болғандығын хабарлайды. Х ғ. «Худуд əл ғалам» географиялық шығармасының авторы Испиджаб қаласының жақын маңайындағы шағын Фараб аумағы туралы, оның басты елді-мекені – көпестер жиналған орын –  Кедер (Кадир) екендігін жəне ол жерде жауынгер əрі батыл халықтың мекендейтінінжазады.

Фараб (Бараб) аумағының тарихи топографиялық мəселелерімен В.В.Бартольд, В.В.Минорский ірі жəне т.б. заманауи шығыстанушы ғалымдар айналысты. Алайда, көп жайттар əлі күнге дейін толығымен анықталмай отыр. Біз осы аумақтағы елді-мекендер туралы тарихи мəліметтер мен олардың заманауи географиялық картаға түсу мəселелерінетереңдеп тоқталмаймыз. Тек айта кететін жайт, Отырар мен Тараздағы қазбалар ІХ-Х ғғ. Оңтүстік Қазақстандағы қала құрылысының жоғарғы стандартын көрсетті жəне ол Мəруа, Бұхара, Самарқан, Термез, Хульбук, Ташкент секілді ірі қала орталықтарынан аз ғана сапалық өзгешелікке ие. Жергілікті қала құрылысының ерекшеліктерінде сол жергілікті дəстүрмен, тұрғындардың этникалық сипатымен жəне көшпенді даламен көршілес болуымен байланысты ерекшеліктердің орын алғандығын қоса кетейік. Махмуд Қашғаридің мəліметі бойынша, Тараздың тұрғындары соғды жəне түркі тілдерінде сөйлеген.

Осылайша, Оңтүстік Қазақстанда, Отырар – Фараб аумағын қоса алғанда, ІХ-Х ғғ. қала өмірі екпінді дамыған, үлкен құрылыстар жүргізілген, ірі сəулет ансамбьлдері құрылып, қолөнер жанданған. Осы аумақтағы қалалардың сауда-саттық байланыстарының арқасында Соғды, Мысыр,  Индия жəне Қиыр Шығыстан көптген көпестер мен саяхатшылар жиналатын болған. Мұнда əлеуметтік жəне мəдени қарама-қарсылық айқын жəне қанық болған. Əлбетте, ІХ-Х ғғ. Араб халифатында орын алған əртүрлі элементтердің интеграция процесі жəне мұсылмандық идеологияның ішіндегі ағымдардың күресі Оңтүстік Қазақстан қалаларының рухани өмірінде көрініс таппауы мүмкін емес еді.

Əл-Фараби Орталық Азия мен Қазақстанның жоғары деңгейдегі ежелгі жəне ортағасырлық өркениетінің жемісі болып қана қойған жоқ; оның шығармашылығында Мысыр, Сирия, Иран, Ирак, Солтүстік Африка халықтарының мəдениеті мен ғылыми жетістіктері баяндалған. Фараби Индия мен антикалық əлемдежасалған барлық нəрсенің ұлы мұрагері болды.

Шығыстың ойшылдары мен ақындарының өмірі жəне іс-əрекеті өзгеше жағдайда өтті. Араб халифтерінің өз сарайларына ғалым, ақындарды жинау дəстүрі болды; əрине, бұл ғылым мен мəдениеттің дамуына емес, халифтің жеке басының мансабы үшін істелді. Араб халифтеріне ғалым, əдебиетші, музыканттарды өзіне жинаған жергілікті билеушілер да еліктеді. Мұны Орталық Азияда Тахиридтер мен Саманидтер, Мысырда тулунидтер, Хорезм мен Сирия билеушілері жасады. Хамданид Сайф ад-Даула (945-946 жж.) əл-Фарабидің қамқоршысы болғандығыбелгілі.

Осылайша, əл-Фараби шығармашылықпен айналысқан кезеңде Араб халифатындағы ғылым мен мəдениеттің дамуы салыстырмалы түрде жағымды жағдайда өтті. Осы кезеңге əл-Кинди, Ибн Кутайба жəне медик, химик, математик, философ ретінде танылған Əбу Бəкір Мұхаммед ибн Закария ар-Рази секілді ірі ғалымдардың іс-əрекеттері жатады. Кейінірек, олардың ізбасарлары Ибн Сина, Бирунижəне т.б. ғалымдар болады.

Осы ұлы ғалымдардың арасында Əбу Насыр əл-Фараби үлкен орын алады. Оның өмірі мен шығармашылығының негізгі сəттерін қарастырайық.  Оның Фараб мекенінде түркі əскери отбасында дүниеге келгені мəлім.  Хорасанда Йуханн ибн Хайланның қолында, Бағдатта Мұхаммед ибн Жаллад пен ғалым, ежелгі грек шығармаларының аудармашысы Əбу Бишра Маттаибн Йупустың қолында тəлім алады. Көп жылдар бойы əл-Фараби  Бағдатта, кейін Алеппо мен Дамаск қалаларында тұрады. Жарты ғасыр ішінде ол 200-ге тарта шығармажазады, оның көп бөлігі бізгежетпей қалған.

Əл-Фарабидің ғылыми қызығушылықтары таң қаларлықтай кең. Оның мұрасында математика, медицина бойынша еңбектері бар; ол Алдыңғы Шығыс музыкасының теориясына, алхимия мен магияға қатысты маңызды еңбектерді жазды. Алайда, оның шығармаларының көп бөлігі философияның, логиканың, таным теориясының, психлогияның, этиканың, саясаттың, əлеуметтанудың түрлі аспектілеріне арналған. Фарабидің дəл осығалымдық іс-əрекеті оны əлемдік мəдениетті жасаушылардың қатарына қойды.

Халифаттағы ортағасырлық ғылым Платон, Аристотель жəне басқа да грек философиясының классиктерінің шығармаларын неоплатондықтардың өңдеуі бойынша алды. Əл-Фараби шынайы Аристотельді кейінгі мистикалық түсіндірмелерден тазартып тануға өз алдына мақсат қойды. Бұл еңбекті керемет жазғандығы соншалық, оны көзі тірісінің өзінде-ақ «əл-Муалим əс-сани» (екінші ұстаз) деп атап кетті, себебі арабтар Аристотельді бірінші ұстаз санаушы еді. Сонымен қатар, Əл-Фараби Аристотельдің трактаттарына («Категориялар», «Герменевтика», «Бірінші жəне екінші Аналитика», «Топика», «Риторика», «Поэтика» жəне т.б.), басқа да грек философтарының шығармаларына түсініктеме берді. Бұл еңбектің сапасы туралы куəлік бізге Ибн Сина арқылы жетті: «Мен Аристотельді əл-Фарабидің түсініктемесін оқығаннан кейін түсіндім».

Классикалық философия мен табиғи-ғылымдық зерттеулердің негізінде əл-Фараби философияның барлық аспектісін қатмтитын үлкен көлемде шығармалар - «Даналық қазынасы», «Субстанция», «Вакуум», «Уақыт», «Платон мен Аристотель философиясының бірлігі туралы» тракттаттар;  логика бойынша (мысалы, «Фусул фй сина атғал-мантик» жəне т.б.); этика бойынша («Бақытқа жету жолын сілтеу», «Бақытқа жету»); саясат жəне социология бойынша («Қала саясаты», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы»); психология бойынша («Жан туралы», «Жанның күші туралы») еңбектер жазды.

Əл-Фараби тіл туралы ғылымды, грамматика, логика, поэтка, физика жəне т.б. бөліп сол кездегі ғылымның классификациясын жасады.

Адам туралы, оның жаны, құдай туралы ойлары əл-Фарабидің негізгі философиялық мəселелерді шешуге деген дəйексіздігін көрсетеді. Өз заманында оның материалист болуы мүмкін емес еді. Оның түсінігінде Аллах - əлемнің жаратылысының себебі болды, кейінірек құдайдан тəуелсіз дамиды, құдай əлемнен алыс болады. Материя форманың негізі болыптабылады, ол Аллахтың жаратылысынан мəңгі жəне өзінің дамуындатəуелсіз. Ол – форманың өзгеруіне қарамастан барлық жаратылыстыңтұрақты негізі.

Фарабидің таным теориясы келесідей өрбиді: ғылым əлемді танудың құралы. Барлық ғылымдар теориялық жəне прктикалық болып бөлінеді.  Біріншісіне логика, табиғи ғылымдар, математика, екіншісіне – этика мен саясатжатады.

Əл-Фарабидің еңбектерінде логикаға үлкен орын беріледі, оның пікірінше, ол ақиқатты жалғандықтан айыруға көмектеседі. Логика – зерденің негізі, ол дұрыс жолға жетелейді жəне қатенің алдын алады. Логика екі бөлімнен тұрады: ұғымдар мен анықтамалар теориясынан жəне пайым,  дəлел, қорытынды теориясынан. Оның мақсаты – дəлелдерді зерттеу. Əл-Фарабидің логикаға үлкен мəн беруі, сол заманныңжаңашылдығы болды.

Əл-Фарабидің «халықтар» ұғымына берген анықтамасы қызық. Оның пікірінше бір халық екінші халықтан екі нəрсемен ерекшеленеді: табиғи əдет- ғұрып пен табиғи қасиеттер, жəне тіл. Халықтардың бұл əдет-ғұрыптары мен қасиеттері географиялық ортаның əсерімен қалыптасады. Фарабидің бұл тезизін əрмен қарай ортағасырлық Алдыңғы Шығыста тарих философиясының негізін салушы Ибн Халдун (ХІV ғ.) дамытты.

Əл-Фараби сонымен қатар, əртүрлі қоғамдық таптармен мен топтарды анықтай отырып, əртүрлі «қалаларға» талдаужасады.

Фарабидің пікірінше, «қайырымды қала» идеал болып табылады. Бұл қайырымды билеуші басқарған феодалдық қала. Оған өзінің мақсатына сəйкес əрекет ететін басқарушы шешеуніктер мен сол шенеуніктердің мақсатын жүзеге асыратын келесі рангілі шенеуніктер көмектеседі, осылайша қоғамның төмен қабаттарына дейін. Əл-Фарабидің «қайырымды қаласында» теңсіздік орын алады, тек рухани ғана емес, дəулет теңсіздігі де, себебі, «қайырымды қала» тек өзінің қажеттілігімен шектелген еңбек етушілер тұратын «қажеттілік қаласыз» мүмкін емес. Олар қажетін өзара көмек арқылы табады жəне төзімділік пен көну арқылы аман-саулыққа қол жеткізеді.

Əл-Фараби сын тағатын басқа қалалар үстемдік ететін түрлі таптармен сипатталады. Мұндай қалалар «мансапқұмар», «атақ құмар», «тəтті құмар». Қалада «опасыздық пен бақытсыздық», мысалы, тек тамақпен, шараппен, махаббаттық рахатпен қанағаттану үшін ғана өмір сүреді. Қалада көпестер мен өсімқорлар өзгенің еңбегін алып-сатумен береке табады.

Федалдық қоғамның ақаулығын сынай отырып, Фараби сол қоғамның ақаулығын түзетуді міндетін шектейді. Оның ілімінің негізі «жалпыға бірдей игілік» тұжырымы болып табылады, осының қанат жаюы мемлекеттік биліктің мақсаты. Фараби түсінігінде мемлекет – адам қажеттіліктерін қоғамдық қанағаттандыру үшін ұйым. Əл-Фарабидің гуманистік пікірлері туралы толық түсінік алу үшін оның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» шығармасынан үзінді келтіреміз: «Ақиқатында табиғат игілік болғандықтан, ол тілек пен еркін таңдаумен қол жеткізілетін болғандықтан əрбір қала бақытқа қол жеткізе алады. Адамдарының бірлестігінің мақсаты іс-əрекетте өзара көмек көрсету болған қала шын бақытқа жетеді, қайырымды қала болып табылады, бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесетін қоғам – қайырымды қоғам. Қаладағылардың бəрі бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесетін халық – қайырымды халық. Осылайша, бүкіл халықтар бақытқа жету үшін бір-біріне көмектесетін болса, жер беті қайырымды болады».

Алдыңғы Шығыс пен бүкіл əлем философиясының тарихында əл- Фарабидің алар орны қандай?

Фарабидің еңбектері халифат мəдениетінің дамуындығы заңды кезең болып табылды. VIII ғ. өзінде-ақ мутазилиттер діни мəселелерді зерттеугерационалистік принциптерді енгізуге тырысқан. Грек философиясынан хабардар болу ғылыми ойды философия аумағына қарай бағыттады. Əл-Кинди (870 жылы дүниеден өткен) халифат тарихында алғашқы шынайы философ болды (ол «арабтардың философы» деген абыройлы атқа иеболған). Оның философиялық дүниетанымында мистика басым орын алды,  бірақ алға тартқан əлемнің құдайдан жаралғандығы, адамның əлемді тану мүмкіншілігі секілді мəселелері мистикадан алшақ жəне ғылыми ерлік болды.

Əл-Фараби əрмен қарай жылжыды. Ол Аристотель ілімінің натурфилософиялық жақтарын күштірек дамытты, философияның алуан мəселелерін, оның табиғи іліммен байлынысын тұжырымдады, философияның діннен тəуелсіз өмір сүру қажеттілігін дəлелдеп, рационализмді негіздеп, зердені биікке көтеріп, танымның ғылыми əдісін, сонымен қатар, қоғамдық даму туралыілімді өңдеуге тырысты.

Оның алға қойған мəселелерін кейінірек Алдыңғы Шығыстың көптеген ірі ғалымдары дамытты. Ибн Сина оның ілімін натурфилософиялық бөлігін күшейтіп, жүйеледі. Оның идеялырының ізімен Ибн Баджа (1138 жылы дүниеден өткен), Ибн Туфайл (1110-1185 жж.) жүрді. Ибн Туфайл Фарабидің моральды-этикалық ілімін жетілдірді. Ибн Рушд (немесе Авероэс, 1126-1198 жж.) оның көптеген еңбектерңне түсініктеме берді; əл-Фарабидің тұжырымдамалары Ибн Рушдтың ілімі мен оның мектебінің негізі болды.

Ортағасырлық Еуропа классикалық ежелгі грек философиясымен көп мөлшерде əл-Фарабидің арқасында танысты. ХІІ ғ. ағымында оның «Ғылымдар классификациясы» еңбегі латын тіліне екі рет аударылды. ХІІ ғ. мен ХVІІ ғ. аралығында əл-Фарабидің еңбектері – «Зерденің мəні туралы»,  «Мəселелердің бастауы», Аристтотельдің «Физика», «Поэтика» шығармаларына түсініктемесі, «Бақытқа жету жолдары туралы», логика бойынша трактаттары бірнеше рет латын тіліне аударылды. Фарабидің кейбір трактаттары бізге тек латын жазбасымен жеткен, олардың араб тексіндегі қолжазбалар сақталмаған.

Фарабидің еуропалық ғылымға ықпалы оның Ибн Сина, əсіресе Ибн Рушд секілді ізбасарлары арқылы да жүзеге асты. Авверроизм ХІІІ-ХІV ғғ.  прогрессивті француз жəне итальян философиясының негізі болды. Батысеуропалық ортағасырдың ірі ойшылдары Р.Бэкон, Д.Скот əл-Фарабидің, Ибн Синаның, Ибн Рушд жəне т.б. ғалымдардың шығармаларын өздерінің теориялық құрылымдарында қолданды. Аса жоғары сенімділікпен Спинозаның кейібір трактаттарының бағыттылығы мен құрылымы жағынан Фарабидің еңбектеріне жақындығын айтуға болады. Осман Əмин əл-Фараби мен Спиноза трактаттарының анықтамаларының да ұқсастығын айтады.

Қорытынды жасап, былай айтуымызға болады: Аристотель əл-Фарабидің арқасында Аристотель болды. Алдыңғы Шығыс философиясында(Ибн Сина, Ибн Рушд) қарастырылған мəселелер алғаш оның еңбектерінде көтерілген болатын. Ортағасырлық Еуропа ежелгі грек философиясымен оның еңбектері арқылы танысты (тікелей немесе оның ізбасарлары Ибн Сина, Ибн Рушд, Маймонидтің еңбектері арқылы). Фарабидің философиясы оның шығыстағы ізбасарларының еңбектерінің арқасында байып, латын аверроистері арқылы өтіп, Қайта өрлеу дəуірінің үлесін қабылдап,  Спинозаның материалистік жəне атеистік философиясында, кейінірек – француз энциклопедистерінің ілімдерінде дамыды.

Міне, сол үшін ислам дүниесінің ең ірі ғұлама философы, Отырардың ұлы перзенті Əбу Насыр əл Фараби бізге қымбат.

Алтаев Ж.А.

Оқылды 7550 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top