«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Басты бет Жаңалықтар Ерте үйленген ер адамның балалары зерек әрі сүйкімді болады

Ерте үйленген ер адамның балалары зерек әрі сүйкімді болады

21 Тамыз 2014

Пайғамбарымыз "Үйленіңдер" деп насихат етсе, халқымызда балаларын ерте отастыратын дәстүр бар. Медицина ғалымдарының айтуынша ерте үйлену - ұрпақ сапасына да тікелей байланысты екен. 

Дәстүрдің қаншалықты дұрыс жасалғанын, бабаларымыздың көрегендігін заманауи ғылым дәлелдеген сайын таңдана түсесің. Қазақ дәстүріндегі ерте үйлендіру салты - біріншіден, жастарды бой жете бастағанда не ер жете бастағанда туындайтын жаман қылықтардан тыю болса, екіншіден, ұрпақ жалғастығын, демографияны жаңғырту болған еді. Бұдан бөлек ерте үйлену - ұрпақ сапасына да тікелей ықпал ететін көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, кеш үйленген ер адамнан туған баланың түрі сүйкімді болмайды. "Myjane" хабарлағандай Австрия ғалымдарының бұл мәселеге қатысты нақты дәлелдері де бар. Олар "адам клеткасы 16 жыл сайын өзгеріп, мутацияға ұшырап отырады. Ер адамда ұрық өндіретін жасушалар да қартаяды, сондықтан, егде тартып үйленген адамның балалары ұсқынсыздау болады. Мысалға 20 жастағы жігіттің ағзасында 25 тек мутациясы болса, 40 жастағы ер адамдікі - 65, ал 50-дегі ер адамның қан құрамындағы өзгеріс өз жасынан екі есе көп болады. Сондықтан, 20 жастағы ер адамнан туған бала, әкесі 40 жастағы баладан әлдеқайда тартымды, зерек" деп нақтылаған. Демек жас ұлғайған сайын мутациялық жасушалар саны арта береді екен. Ғалымдар аутизм және психологиялық дерті бар балалардың кеш отасқан ата-аналардан туғандығын да алға тартып отыр. 

E-islam.kz

Пікір

Пікір қалдыру үшін кіруіңіз немесе тіркелуіңіз қажет.

ең көп оқылғандар

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
Тренинг – практикалық оқуды ұйымдастырудың  жаңа құралы
Тренинг – практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралы
Данияр Жұмабаев
Сансыз сынақ сенімі берік жанның сағын сындыра алмайды
12.08.2021 120 рет қаралған
Айнұр Әбдірәсілқызы
Имандылық - әдебиеттің күретамыры
07.08.2021 172 рет қаралған
Марат Әзілханов
Жоғары руханият – зайырлы және діни құндылықтар негізі
22.07.2021 261 рет қаралған

Намаз уақыты

Астана
  • Астана
  • Алматы
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Арқалық
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Шымкент

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: