«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Басты бет Жаңалықтар Мешіт жайлы қызықты 7 дерек

Мешіт жайлы қызықты 7 дерек

13 Тамыз 2014

1) Ең үлкен мешіт – Масджид Әл –Харам. Сауд Арабиясында орналасқан мешіт бір уақытта  4 млн. адамды қабылдай алады.  Аталмыш мешіттің тарихы біздің дәуірімізге  дейінгі 638 жылдан басталады. 89 метр биіктіктен тұратын 9 мұнаралы мешіттің жалпы аумағы  - 88,2 гектар. 

2) Масджид Аль - Киблатайн – екі михрабты әлемдегі жалғыз мешіт. Оның бір  жағы Иерусалимге, екінші жағы Меккеге қарай бағытталған. Оның құрылысының ерекшелігі – пальма жапырақтарымен көмкерілген. 

3) Аль-Куба – Ислам тарихындағы алғашқы мешіт. Ол Мекке қаласынан небәрі 4-5 км қашықтықта орналасқан. 

4)   Айя София  мешіті – орта ғасырда католиктердің қасиетті София шіркеуі, корольдерді ұлықтау орны болған. Оны мешіттің дәл кіре берісіндегі тақтайшадағы жазу еске салады. 1209 жылы алғашқы тасы қаланған шіркеу тек бір ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін толық салынып бітеді.  Екі мәрте жер сілкінісі кезінде де бұл қасиетті орынның шаңырағы шайқалмаған. 1453 жылы Константинпольді тізе бүктірген Мехмед ІІ  тұсында шіркеу құрылысы өзгертіліп, мұнара мен михраб салынады. Содан Айя-София мешіті мұсылман қауымының мақтаныш етер мерейлі ғимараттарының бірі айналды. 1935 жылы музей дәрежесін иеленген Айя-София 1985 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра нысандар тізіміне енген.  

5) Екінші Хасан – Марокконың  Касабланка қаласындағы мешіт әлемдегі ең биік діни құрылыс нысаны болып табылады. Ол Атлант мұхитының жағалауында орналасқан. Онда құрылыс жұмыстары 1986-1993 жылдар аралығында жүргізілген. Жобаның  авторы – Мишель Пинсо. Мешіт 25 000 адамға арналған және қасындағы аймаққа 80 000 адам намаз оқи алады. Жалғыз мұнарасының биіктігі 210 м. Мешіт қайырымдылық қорынан жиналған 800 миллион долларға салынған. 

6)  Дели шіркеу мешітінде бұғының терісіне жазылған қасиетті Құранның көшірмесі сақталған. Аталмыш мешіттің құрылысы Джахан шахтың кезінде басталып, 1656 жылы аяқталған.  Мешіттің ішкі ауласында бір мезгілде 25 мың адам еркін сияды.  Алты жылға созылған мешіт құрылысына 5000 жұмысшы тартылған екен. 

7. Умауи – Сириядағы үлкен мешіт.  Он екі мың адамның күші жұмсалған мешіт құрылысына 10 жыл уақыт кеткен. Оның ішкі бөліктеріне  алтын мен маржан жалатылған. 

E-islam.kz

Пікір

Пікір қалдыру үшін кіруіңіз немесе тіркелуіңіз қажет.

ең көп оқылғандар

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет
Тренинг – практикалық оқуды ұйымдастырудың  жаңа құралы
Тренинг – практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралы
Данияр Жұмабаев
Сансыз сынақ сенімі берік жанның сағын сындыра алмайды
12.08.2021 79 рет қаралған
Айнұр Әбдірәсілқызы
Имандылық - әдебиеттің күретамыры
07.08.2021 134 рет қаралған
Марат Әзілханов
Жоғары руханият – зайырлы және діни құндылықтар негізі
22.07.2021 226 рет қаралған

Намаз уақыты

Астана
  • Астана
  • Алматы
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Арқалық
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Шымкент

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: