Қазан қаласында 5-11 қыркүйек аралығында өтетін Мұсылман киносының халықаралық фестиваліне қатысуға келіп түскен өтініштер рекордтық көрсеткішке жетіп, 500-ден астам кинотуынды сарапшылар назарына берілді. Енді олар осылардың ішінен 50-ін сайыс бағдарламасына бірнеше аталым бойынша іріктеп алатын болады. 2005 жылдан бері Қазанда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан кинофестиваль өзі көтеріп отырған тақырыптан бөлек жас авторлар туындылары мен Еуропаның ірі кинофестивальдарында лауреат болған режиссерлардың фильмдерін де електен өткізеді. Ал жалпы, аталған шараның мақсатты тақырыбына тоқталар болсақ, бейбітшілік идеясы, дінге деген махаббат және ұлтаралық диалог осы фестивальдің негізгі тұздығы болады деп күтілуде.
E-islam.kz