Мұсылман дінінің әлемге аты мәшһүр ғалымдары "Ирак-Шам исламдық республикасы" лаңкестік тобы құрған "Ислам халифатын" мойындамай отыр. "ИсламРФ" сайтының хабарлауынша ислам дінінің мамандары "халиф" атағын алған Әбу Бакар әл-Бағдадиге сенім білдіруге болмайтынын нақтылаған. Мәселен морокколық танымал дін ғалымы Омар Хаддуши "ИШИР" көшбасшысын діннен безген десе, мысырлық Хани әл-Сибаи "Twitter" ғаламтор желісі арқылы аталған топ мүшелеріне "Алла тек адал мұсылмандармен бірге" екенін айтты. Осылайша айдан құлақ шығарған "халифат" ісі әлем марқасқаларының назарынан тыс қалмауда. Десе де, террорист "мемлекетті" алған бетінен қайтаруға әлем әлі де болса қауқарсыздық танытып отыр.
E-islam.kz