Қысқаша өмірбаяны
Ершат Ағыбайұлы Оңғаров 1975 жылы 22 наурызда дүниеге келді. Магистр, Ph.D ғылыми дәрежелері бар. Әл-Азхар университетін «Теология» мамандығы бойынша (АЕР, Каир қ., 2004ж. ), Ислам зерттеулері жоғарғы институтының магистратурасын «Теология» мамандығы бойынша тәмамдаған (АЕР, Каир қ., 2007ж. ). Қарағанды кәсіподақ университетінен «Заңтану» мамандығын (Қарағанды қ., 2007ж.) алып шықты. 2007 мен 2010 жылдар аралығында ҚМДБ-да сараптама бөлімінің меңгерушісі, «Асыл арна» ислами ағартушылық теле арнасының редакторы қызметтерін атқарды. 2009-2011 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аға оқытушы болды. 2012 жылы ҚР ДІА Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығына исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының бас сарапшысы болып тағайындалды. Қазіргі таңда ҚМДБ ағартушылық және ғаламтор насихаты бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді әрі ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі. Бірнеше тілді меңгерген.
Арнау сөзі:Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар! Мен – Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, исламтанушы, теолог, Ph.D-мын, орыс, қазақ тілдеріндегі жарық көрген «Мұхтасар тәжуид» еңбегінің авторымын, дін, мәдениет, руханилық мәселелері бойынша бірқатар ғылыми-танымдық мақалалар жаздым. Қазіргі таңда «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» атты монографиялық еңбегім баспаға әзірленуде. Сарапшы ретінде келесі тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дайынмын: Құран тәпсірі, ислам мәдениеті, ислам құндылықтары, ақида мәселелері.
Ассаляму алейкум. Скажите если у нас в Шымкенте продается расписание намазов, утвержденное областной мечетью и там например сегодня восход солнца указан 5-48 , то до какого максимально времени я могу прочитать утреннюю молитву? Прям до указанного времени восхода солнца или за сколько минут ранее? АЛЛАХ разы болсын!
Уаъалейкум ас салям уа рахматуЛлахи уа барякатух!!! Доброго времени суток!!! Расписание времени намазов, утвержденных ДУМК, можно приобрести в мечетях совершенно бесплатно, также они надежнее. Участились случаи продаж графиков намаза, отличающихся от официального источника. Одним из условий намаза является совершение каждого намаза в определенный для него промежуток времени. Поэтому обязательную молитву нужно выполнять только после того, как наступит время соответствующего намаза. Время утреннего намаза начинается с истинного рассвета, сразу же после того, как появится белая горизонтальная полоса на восточном горизонте. Время утреннего намаза продолжается до восхода солнца, т. е. до тех пор, пока солнечный диск не покажется на восточном горизонте. Предпочтительное время совершения утреннего намаза - это конец его времени, во время «исфар» (когда сильно посветлеет, это примерно 20-30 минут до восхода солнца). Посланник Аллаха (саллаллаху алейхи уасаллам) сказал: «Совершайте утренний намаз, когда посветлеет, потому что за совершения намаза в данное время больше аджра (награды)».
ассаляму алейкум. Скажите подалуйста разрешено ли Шариатом делать эко , чтобы забеременить,если семя берется от мужа? Или это является харам?
Уаъалейкум ас салям уа рахматуЛлахи уа барякатух!!! Доброго времени суток!!! Экстракорпоральное оплодотворение (ЭКО) — вспомогательная репродуктивная технология, используемая в случае бесплодия. В хадисе Посланника Аллаха (мир ему и благословение), переданном со слов Усамы бин Шурейка, говорится: «Принимайте лекарства, рабы Аллаха, потому что Всевышний не послал такой болезни, для которой нет излечения, кроме старости» (имам Ахмад, Абу Давуд, ан-Насаи, ат-Тирмизи, Ибн Маджа). Ислам разрешает использовать для лечения определенные средства, и одним из них является искусственное оплодотворение жены. Однако это считается дозволенным при обязательном соблюдении определенных условий, когда зачатие естественным путем, по мнению специалистов, невозможно по причине болезни. Условия эти таковы: Первое. Разрешается, если при оплодотворении используются сперма мужа и яйцеклетка жены. Второе. Разрешается, если оплодотворенная яйцеклетка от мужа и жены или полученный в лабораторных условиях зародыш спермы мужа и яйцеклетки жены помещается в ее же матку (т. е. жены), от которой была взята яйцеклетка. Третье. ЗАПРЕЩАЕТСЯ, если есть какие-либо сомнения в том, что сперма мужа и яйцеклетка жены подменены или смешаны с семенем другого мужчины. К другим замечаниям, которые требуют внимания в этом деле, относятся: обнажение аурата женщины в её наиболее интимных частях тела; вероятность допущения ошибки в лаборатории, вероятность того, что некоторые недобросовестные люди в больнице могут обмануть оказанное им доверие и сознательно подменить сперму или яйцеклетку для достижения положительного исхода операции и извлечения большей материальной выгоды. Поэтому мы должны быть крайне осторожными в этом деле. А Аллах знает лучше!" Лучше всего в вопросе зачатия детей, как и во всех других вопросах уповать на волю Всевышнего. Тем, кому суждено увидеть этот свет, независимо от обстоятельств, будут рождены естественным путем. Терпение – половина веры. Да поможет Вам Аллах!
Ассалаумагалейкум Ершат ұстаз! Мен солақай едім. Күнделікті ас-суды сол қолмен ғана жей аламын. Оң қолымды пайдалануға қанша тырыссам да болар емес. Алайда бірге жүрген намазхан бауырларым "сенің сол қолмен ішіп-жегеніңнің бәрі харам" деп қорқытып тастады. Харам мен халал болу оң не сол қолмен ішуге қатысы бар ма?
Солақайлық намаз оқуға және басқа да құлшылық жасауға кедергі бола алмайды. Алайда, оң және сол қолды қолданудың әдебі бар. Осы тақырыпты кеңірек айтып көрейік. Құран Кәрімде «(Амал дәптері) оң жағынан берілетіндер, қандай жақсы оңшылдар[1]»деп жәннаттықтарды және «(Амал дәптері) сол жағынан берілетіндер, қандай жаман солшылдар[2]» тозақиларды айтқаны мәлім. Сондай-ақ, барлық жақсы істі оң жағынан бастау – сүннет. Сондай-ақ, дәрет алу, ас-су ішіп-жеуде, киім киюде, затты алып-беруде оң қолды қолдану сүннет. Ал, сол қол тазалану үшін қолданады. Омар бин Әбу Сәләмә (р.а.): «Мен Алла елшісі үйіндегі бала едім. Қолымды табақ ішінде олай-бұлай сала беретін едім. Пайғамбар (с.ғ.с.) маған: «Балам! «Бісміллә» деп Алла атын айтып, оң қолыңмен және өз алдыңнан бастап тамақтан»,– деп айтты»,– дейді. Имам Науаи аталмыш хадисті: «Хадистегі бұйрық түрінде айтылған сөз барлығына (Алла атымен бастау, оң қолмен жеу және өз алдынан тамақтануға) қатысты болғандықтан оң қолмен тамақтану міндет...»,-деп түсіндірген. Оң қолмен тамақтану қажет екендігі және сол қолмен ас-су ішіп-жеуге тиым екендігін мына хадис айтылған. Сәләмә бин Әукағ (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) сол қолымен тамақтанып отырған кісіні көріп: «Оң қолыңмен тамақтан»,– дейді. Ол (тәкәппарлана): «Олай істей алмаймын»,– дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұдан былай мүлде шамаң келмейді,– дейді[3]». Бұл кісі кейіннен оң қолын көтере алмай қалған деген дерек бар. Ибн Омар, Жәбир және Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Кімде-кім сол қолмен тамақтанса, онымен бірге шайтан тамақтанады[4]»,– деп айтылған. Таиби бұл хадисті: «Шайтан сол қолымен жейді» деген сөз оған адам ішіндегі достары көмектеседі. Сол қолмен тамақтанған адам шайтанның досы»,– деп түсіндірсе, Құртуби бұл хадисті: «Сол қолмен тамақтанушы шайтан әрекетіне жатады»,– деп тарқатқан. Имам Науаи: «Бұл хадистер тамақтану және сусын ішу оң қолмен болуы сүннет, ал сол қолмен жасау мәкрук. Сондай-ақ, алыс-беріс те оң қолмен болған дұрыс. Тек, науқастық пен жарақат сияқты үзірлі себеп болса ғана рұқсат»,-деген. Сөз соңында, барлық игі істі оң жақтан және оң қолмен істеуге тырысқаныңыз абзал. Алла тағала жар болсын! ________________________________________ [1] Уақиға сүресі, 8-аят [2] Уақиға сүресі, 9-аят [3] Мүслим [4] Мүслим, Ахмед
Құрметті, Ершат аға! Қазіргі кезде қазақтар әу бастан-ақ мұсылман ұлты болып келген деген пікірлер жиі айтылып жүр. Дегенмен, қазақ мұсылман ұлт болғанмен, Қазақстанды мұсылман елі деп айту қате деп айтады көпшілік ғалымдар. Әлбетте, саясат дінді мемлекеттік істен бөліп ажыратады, ал тарих ше? Ислам құндылықтары мен қазақ мәдениетінің маманы ретінде осы туралы не айта аласыз?
Иә, қазақ халқы, яғни ата-бабаларымыз өз сөздерінде: «Әлһамдулилла әлімсақтан («әл-Мисақ» ауд.: ант, уәде уақытынан бері) мұсылманбыз», – деу арқылы қасиетті Құранда айтылған ақиқатты паш еткен. Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінің 172-ші аятында: وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِنْ بَنِي آدَمَ مِنْ ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَى أَنفُسِهِمْ أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ قَالُوا بَلَى شَهِدْنَا أَنْ تَقُولُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَذَا غَافِلِينَ «(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?» – (дегенде), олар: «Әрине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер», – деп ескертеді Алла тағала. Міне, жоғарыдағы даналық ой осы Құран сөзінен алынған. Ақиқат асыл дініміз Исламның жер бетіне жіберілгелі 14 ғасыр болды. Ал, қазақ даласына келгеніне 12 ғасыр. Осыншама уақыт ішінде қазақы діліміз Ислам нұрынан қуаттанып, біте қайнасып кетті. Кешегі өткен барша хандарымыз еліміздегі бүкіл істі ата дінімізбен, яғни Исламмен жүйелеп отырған. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы сияқты дала заңдарының барлығы дерлік Құран мен сүннеттен бастау алып, үкім шығарған. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан зайырлы мемлекет болғанмен де ана сүтімен қанымызға сіңіп, жүрегіміздің төрінен орын алған Ислам дініміздің құдіреті баршамызды «Шүкір Аллаға, мұсылманмын!» – деп айтқызуда. Қазақтың мұсылман ел екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Ал, саясаттың дінді мемлекеттік істен бөліп ажыратуы бұл еліміздің ұстанған зайырлылық, көпұлттылық, біртұтастық қағидаларымен байланысты. Ата заңымызда әр адамның қалаған дінін ұстануында кедергі жоқ, яғни діни еркіндік берілген. Дей тұрғанмен, еліміздің 70 пайыздан астамы мұсылмандар. Сондай-ақ, біз демократиялы мемлекетпіз. 130-дан астам ұлт пен ұлысты бір көк Тудың астына біріктірген. Өзге діндер мен конфессия өкілдері де бір шаңырақтың астында өмір сүруде. Бірақ, Елбасымыз өзінің сөзінде қазақ халқының ежелден Ислам дінін ұстанып, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын негізгі ұстын еткенін тілге тиек еткен болатын. Аллаға шүкір, барлық қалаларымыз бен ауылдарымызда мешіттер бой көтеріп, әлемдердің Раббысын ұлықтаған Азан даусы шарықтауда. Бұл да біздің ұстанымымызды айқын дәлелдеп тұр емес пе?! Ендігі кезекте бірлігі жарасқан еліміздің көк аспанында Азан даусының естілуіне, тұтастығымыз бен ауызбіршілігімізді, бауырмашылдығымызды арттыруға жұмыс жасауымыз қажет. Алла баршамыздың жәрдемшіміз болсын!
Ассалаумағалейкум Ершат! Мешітке әр жұма сайын бас сұққанда азын-аулақ садақамызды тастаймыз. Кей күндері өмірден озған жақындарымыз түсіме кіргенде Жеті нанымызды апарамыз. Қазір ауылды жерге қоныс аударғалы бұл садақаларды бере алмай келемін. Себебі ауыл мешіті тек жұма күні ғана ашық. Мешітте садақа жәшігі жоқ. Көршілеріміздің басым көпшілігі қазақылықтан алыстап кеткен. Садақа деп берген жеті нанымыз бен ақшамызды алуға арланып, өзімізді кейіп тастайды. Ершат аға нендей ақыл-кеңес айтасыз?
Негізінде, адамзаттың иелегіндегі мал-мүлік толығымен өте береген Алла тағаланың мүлкі саналады. Алла тағала құлдарын сынауы үшін, оларды мал-мүлікке уақытша иегер әрі мұрагер қылды және мал-мүлік пен ризық тұрғысынан бірімізді бірімізден өзгеше етті. Пақырлар мен міскіндердің үлесін дәулеттілердің байлығына қосып, оларға бұл байлықтан зекет және садақа арқылы өз үлестерін алу құқығын, ал дәулеттілерге мұқтаждардың қақыларын беру міндетін белгіледі. Кез келген қоғамда мұқтаждарға, жесірлер мен жетімдерге қарайласудан асатын игілік жоқ. Алла тағала кімді мол дәулетке бөлеген болса, бұнысы мол дәрежеге ие екендігінің белгісі емес, ол тек оны сынау үшін берілген несібе ғана. Алла тағаланың оны қалаған күні толық алып қоюға құдіреті жетеді. Сол себептен Алла тағала нығметке шүкірлік ретінде мұқтаждарға қарайласуға: киімі жоқты киіндіруге, тамағы жоқты тамақтандыруға шақырады. Сондай-ақ, бұл амалдың сауабын ақиретпен ғана шектемей, дүние тіршілігінде де мал-мүлікке береке қондырады. Садақа беру үшін кісінің мал-мүлкі өзі мен асырауындағы кісілердің нәпақасына жеткілікті болуы ескеріледі. Мұсылман садақаны күнделікті тіршілік қажеттілігінен артылған мал-мүлкінен бергені жақсы. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ең жақсы садақа – әл-ауқат жеткілікті жағдайда ғана берілгені. Өзің асырап жатқан кісілерден баста!», – деген. («Сахих әл-Бұхари», 3/446) Сол секілді қарызға батқан кісінің садақа бермегені – мустахаб. Өйткені қарызды өтеу және отбасын асырау – оның міндеті. Садақа беремін деп, асырап отырған адамдарды аш қалдыру – күнә. Абдулла ибн Амр Алла елшісінің (с.ғ.с): «Қамқорлығындағы кісіні құртып алуы адам үшін жеткілікті күнә саналады», – деп айтқанын жеткізген. («Сунан Әби Дәуд», 2-59) Садақа алуға лайықты кісілердің бірінші қатарын пақыр туыстар, ең жақын ағайындар, сосын есігі жақын көршілер, достар, жесірлер, жетімдер, жолда қалғандар және т.б. мұқтаждар құрайды. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Міскінге берілген садақа тек садақа саналады. Ал туысқанға берілген садақа – садақа әрі туыстық байланыс», – деген. («Сунан Ибн Мажа», 1/591) Міне, осындай дәлелдер келтіре отырып СІЗГЕ айтарымыз садақаны ең алдымен өз туысқандарыңыздан, жанұяңыздан, жақын көршілерден бастағаныңыз абзал. Ал, егер олар тараптан садақаны алуға деген ықылассыздық немесе жеккөрушілік пайда болып жатса, сол өзіңіздің тұрғылықты елдің ішіндегі ең мұқтаж жандар мен қарызға батқандарын тауып соларға бергеніңіз нұр үстіне нұр болары хақ. Ал, көршілеріңізге олардың жәрдемге мұқтаж болатын сәттерін бақылап жүріп, дәл сол қажет уақыттарында қол ұшыңызды соза білуіңіз Алланың алдында тақуалығыңыз бен дәрежеңізді арттырары анық Алла қаласа. Алла жасаған игі істеріңіз бен қайырымдылықтарыңызды қабыл етсін!
Биздин елимизге унеми тажиктин айел азаматтары келип садака сурап адамдардын сонында журеди. Соларга садака берген дурыс па? Карап турсаныз оздери куйли, ауыздары алтын тис т.б.
Иә, әлбетте шынайы садақаны алуға тиісті жандар олар: пақыр туыстар, ең жақын ағайындар, сосын есігі жақын көршілер, достар, жесірлер, жетімдер, жолда қалғандар және т.б. мұқтаждар құрайды. Жалпы, көпшілік адамдардың беретін садақасы 100 теңге мен 500 теңгенің арасын құрайтыны ақиқат. Бұл өз кезегінде ешкімді байытып немесе кедей етіп тастамайтыны анық. Ал, Сіз айтып отырған тәжік әйелдерінің жанында үнемі кішкене балалары жүреді, солар алақан жайып «Алла разылығы үшін беріңізші» – деген жалынышты сөздерін айтады. Мұндай сөздерден кейін қандай мұсылманның жүрегі шыдап тұра алады. Сондай-ақ, әрбір мұсылман «Алланың разылығы үшін» деген сөз айтылғанда қолындағы бәрін беруге дайын тұрары сөзсіз. Алайда садақа алуға лайықты кісілердің бірінші қатарын пақыр туыстар, ең жақын ағайындар, сосын есігі жақын көршілер, достар, жесірлер, жетімдер, жолда қалғандар және т.б. мұқтаждар құрайды. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Міскінге берілген садақа тек садақа саналады. Ал туысқанға берілген садақа – садақа әрі туыстық байланыс», – деген. («Сунан Ибн Мажа», 1/591) Міне, осындай дәлелдер келтіре отырып Сізге айтарым садақаны ең алдымен өз туысқандарыңыздан, жанұяңыздан, жақын көршілерге берсеңіз абзал. Ал, егер олар тараптан садақаны алуға деген ықылассыздық, түсінбеушілік пайда болып жатса немесе артылып жатса, онда Сіз сұрағыңызда атаған адамдарға бергеннің ағаттығы жоқ.
Ассаламуалейкум. Менің сүрағым, ғаламторда www.Islamdini.kz сайтында Сұрақ-Жауап бөлімінде былай деп жазған, «Қайтыс болған әулие, тірі адамнан да көбірек файз береді, көбірек жәрдем бере алады. Шәһидтер өлі болмағанындай, пайғамбарлар мен әулиелер де өлі емес.Мәселен қабірдегі әулиеге барып «Маған жалға алатын үй керек, балам үшін келін, қызым үшін күйеу сұраймын» деу қалыпты нәрсе. Осылайша мұны естіген әулие кісі біз үшін дұға етеді. Аллаһу та'ала да осы сүйікті құлының дұғасын қабыл етед,Әулиенің тірі немесе өлі болуында айырмашылық жоқ. Тіпті қайтыс болғаннан кейін де әулиеден келетін файз тоқтамайды, артады». Деп жаған Біз түсінбедік өздерінен сүрасақ Сіздер Салафи Уахабидің сөздерін айтып жатырсындар деді және де кім де кім қайтыс болған аулие жардем бермейді олардан комек сурауга болмайды десе олар Уахабид деп нақты жауап бермеді,Ал Ерсін Әміре Тахауи ахидасы сабағында тақырып Ширк 1 Былай дейді «адам Аллаһ Тағаламен бірге басқа нарселерге табынумен, аулиелерден дұға етумен жардем көмек сүраумен ұлкен ширк істеген болады дейді және де маған өлген аулиелер көмек береді деген ойда болу ол Аллаһ Тағалаға жала жабу болып табылады Бұның барлығы Ұлкен ширк оны істеуші одан арнайы таубе етпесе мәнгі тозақта болады дейді.Және көп кітаптарда осылай жазылған көп уағыздарда осылай айтады тек Аллаһ Тағаладан сүрау керек деп. Біз түсінбей отырмыз www.Islamdini.kz сайты біз Діни басқармада тіркелгенбіз дейді. Осы мәселе бойынша нақты жауап беріңіздерші. Діни баскарма сайтына 2 рет сурак жибердик жауап келген жок
Уағалейкумассалам, Ербол! Алла тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Бақара» сүресі, 186-шы аятында: «(Мұхаммед ғ.с.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді», – деп ескертеді. Сондықтан, барлық мұқтаждықтарымыз тек қана Алла тағаладан тікелей сұралады. Десек те, шариғатымызда «тәуәссул» деген ұғым бар. Тәуәссулдің сөздік мағынасы «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін қандай да бір себеп, құрал қолдану» дегенді білдіреді. Ал шариғатта тәуассул деп: «Дұғаның қабыл болуы үшін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) немесе басқа бір аса тақуа адамның құрметін себепкер етуге айтылады. Мысалы, «Уа, Алла Тағалам! Соңғы Пайғамбар әрі Сенің сүйікті құлың Мұхаммедтің (с.ғ.с) құрметіне менің мына дұға-мінәжаттарымды қабыл ала гөр» деп тілек тілеу секілді . Бұл тақырып аясында бүгінгі еліміздегі білікті де, білімді теолог ғалымдарымыз көптеп терең талдап айтып жүр. Тәуассулдің үш түріне тоқталар болсақ, бірінші Алла тағаланың көркем есімдерін себепкер етіп тәуассул жасауға болады. Құранда: «Ең көркем есімдер Алла тағалаға тән. Ендеше, Оның есімдерімен дұға етіңдер», - делінеді. («әл-Ағраф» сүресі, 80-аят). Екіншісі, басқа бір салиқалы кісіден өзі үшін дұға етуін өтіну түрі. Қазақтағы бата сұрау үрдісі де тәуассулдің осы түріне жатады. Үшіншісі, салиқалы ізгі істерді себепкер етіп дұға жасау. Бұған Пайғамбарымыздың хадисінде кездесетін үңгірге қамалған үш жігіттің оқиғасы куә. Үшеуі үш түрлі жақсылықтарын айтып, әлгі үңгірдің аузына бастырылған тасты Алланың жәрдемімен ашуы. Сіз атаған сайттың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына еш қатысы жоқ. Діни басқарманың www.muftyiat.kz деп аталатын өз ресми сайты бар. Бұған қоса, әрбір обылыстағы Өкілдіктеріміздің басқаруымын жұмыс жасайтын 20 өңірлік ресми сайттарымыз да бар. Бұл женінде муфтият сайтының «Әріптестер» айдарынан таныса аласыз.
Журналистер сұқбат алған кезде сұқбат беретін тұлғаның сөзін көркемдеуі, басылым талабына сай өзгертуі қаншалықты дұрыс? Исламда сағаттың 13:05 деген көрсеткішін, 13:06 деп айту дұрыс емес деп жатады гой...
Жалпы, сіздің қойған сұрағыңызда нақтылай түсуді талап ететін өте нәзік мәселе бар. Қойылған сауалға толық жауап берместен бұрын, сағатқа қатысты тұсын ашықтап алу қажет сияқты. Яғни, ол уақыт көрсеткіші намаздың, белгілі бір құлшылықтың уақытына ишарат ете ме? Әлде жалпы уақыт сұралған уақыттағы жауабыңыздың дұрыстығына ишарат ете ме? Егер, құлшылыққа қатысты уақыт болса онда ол уақытты белгілеу бізге тән емес. Оны белгілеуші әлемдердің Раббысы Алла. Мұның мысалы күн тас төбеден ауғанда деп бекітілген намазды, күн жартысына дейін еңкейгенде деп өзгерткен секілді болады. Ал, жалпы біреу бізден уақыт сұрағандағы жауаптың дұрыстығына келер болсақ, онда бір минут болса да қосып айтуға тағы да хақымыз жоқ. Өйткені ол өтірікке жатады. Сөзім тұщымды болу үшін хадис келтірейін: Бұхаридің «Сахихында» жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шыншыл болыңдар, шыншылдық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа жетелейді. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә тозақ отына түсіреді», - деген. Сондай-ақ, мүміндердің анасы Айша (Алла одан разы болсын): «Сахабалар үшін ең жаман, ең ауыр күнә өтірік болатын. Өйткені, олар өтірікпен иманның бір болмайтынын жақсы білетін еді», - деп айтады. Міне, осы хадистерден ислам дінінің өтірікке қаншалықты ауыр баға беретіндігін байқауға болады. Ал, қандай да бір адамның тілшілерге сұхбат беру барысында сөзін көркемдеуіне келер болсақ, ол өз кезегінде жақсы амал. Себебі, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Дін - насихат», - дейді. Демек, сол ақиқат дінімізді елдің жүрегіне жеткізу жолында барлық сөз шеберлігімізді салып, көркемдеп жеткізер болсақ және сол арқылы халықты Исламның нұрлы жолына шақыра алсақ нұр үстіне нұр емес пе? Тіпті, Құранда Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын) Алланың әмірін орындау үшін, өзін Құдай санаған Перғауынға барар кезінде жанына серік етіп бауыры Харунды сұрайды. Сол сәтте Мұса (ғ.с): «Маған қарағанда бауырым Харун шешен сөйлейді. Көмекші етіп маған соны қосып бер...», - деп Алладан сұрайды. Міне, осы аяттардан аңғаратынымыз уағыз-насихат барысында көркем, шешен сөйлеу жақсы әрі міндетті болып қалары сөзсіз. Тек бір ескерер жайт, сөзін көркемдеймін деп шариғат шеңберінен шығып кетпеуі қажет. Сондай-ақ, сұхбат берушінің өз сөзін басылым талабына қарай өзгертуіндегі мақсаты қоғамдағы үлкен бүліктің алдын алу болса, елдің бірлігін сақтау жолында болса және ақиқат шеңберінен шықпаса құптауға болады. Анығын Алла білуші.
Мен "Қызмет" қоғамдық газетінің журналистімін. Сізге қояр сұрағым қоғамда "Зиянсыз өтірік" деген ұғым бар. Ол көбінесе көңіл үшін де айтылып жатады. Өтірік айту үлкен күнә екенін білеміз. Дегенмен, біреулердің араздасып қалмауы үшін, болмаса үмітін үзбеу үшін, ең қымбат көңіл үшін де өтірікті айтып жатамыз. Ол өтіріктің пайдалы екені де бар. Сіз не дейсіз?
Адамдар өтірікті әр түрлі себептерге байланысты айтады. Олардың ішінде пайда табу үшін де, өзін жоғары етіп көрсеткісі келіп те, күншілдіктің, жағымпаздықтың кесірінен де өтірік айтатындар бар. Алайда «Өтірік – өрге баспайды». Тіпті, басқаларға ұнау үшін де, олардың шашпауын көтеріп, күлкіге батыру үшін де өтірік айтатындар кездеседі. Мұның бәрі күнә. Ғұламалар өтірікті үлкен күнәлар қатарына қосады. Оның ішінде Алла тағала мен Пайғамбарымызға қатысты өтірік айту аса күпірлік. Қасиетті Құранның 167 жерінде өтірік айтудың күнә екендігі ескертілген. Басқа үлкен күнәларға мұншалықты көңіл бөлінбеген. Осының өзі-ақ өтіріктің қаншалықты ауыр екендігіне кепіл. Өтірік айту – мұнапықтық, екі жүзділіктің белгісі. Қасиетті Құранда: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне солар өтірікшілер» делінген («Наһл» сүресі, 105-аят). Араб тілінде өтірікші адамды «кәззәп» дейді. Ислам білгірі ибн Хажар: «Өтірік – бір оқиға туралы біле тұрып, оны теріс түсіндіру» дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис-шәріптерінде: «Өтірік айту – ризықты азайтады», «Дұрыс болыңдар, дұрыстық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа жетелейді. Өтіріктен сақтаныңдар! Себебі ол бұзықтыққа апарады. Ал бұзықтық тозаққа түсіреді. Адам өтірікті әдетке айналдырса, Алланың алдында өтірікші болып жазылады», - деп баяндалған. Ислам шариғатында үш жағдайда өтірік айтуға рұқсат етілген. Бірінші, ерлі-зайыптылар арасын жарастыру үшін айтылған өтіріктің зияны жоқ. Екінші, соғыс тактикасы үшін өтірік айтуға рұқсат етілген. Үшінші, араздасып қалған екі бауырдың арасындағы түсініспеушілікті жойып, татуластыру үшін айтылса өтірікке жатпайды. Өйткені, бауырмашылдықтың жоғары тұратындығын қасиетті Құран мен хадистерде көп айтылған. Мәселен, Умму Кулсум бинт Ғуқба деген сахаби әйел былай дейді. – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) адамдар қолданатын өтіріктер ішінде үш нәрседен басқасына рұқсат бергенін көрмедім: «Соғыс жағдайында, араздасқан адамдардың арасын жарастыру үшін және ері әйеліне, әйелі еріне айтқан өтіріктері» (Муслим). Бұдан басқа жағдайларда адам баласы өзгелерден қаймықса да, сөзінің түбін ойлап, өтірік, өсек айтпауға тиісті. Алла баршамызды өтірік айту күнәсінен сақтасын! Екі дүниеде де шыншылдардан болуымызды нәсіп етсін!
Скажите, пожалуйста, когда в исламском мире впервые начали праздновать Мавлид?
Традиция отмечать рождение Пророка Мухаммада (да благославит Его Аллах и приветствует) - распространилась после смерти Посланника Аллаха (мир Ему и благословение). Пророк не отмечал свой день рождения. Посланник Аллаха сам возвеличивал день своего рождения, выражая в нем благодарность Всевышнему Аллаху за Его величайшее благо, которым Он одарил Пророка, за то, что Он оказал ему милость – создал его и даровал ему мирскую жизнь, ведь благодаря рождению Пророка все сущее возрадовалось и обрело счастье. Это возвеличивание Пророк выражал соблюдением поста, как об этом говорится и в хадисе, (передал Муслим от Абу Катады): Когда у Пророка спросили о посте в понедельник, он ответил: «В этот день я родился, и в нем мне было ниспослано Откровение». Первый кто начал отмечать «Маулид» – это король Ирбиля Музаффар (1190-1232) (полное имя – Абу Саид ибн Зайнуддин Али). Он собирал людей, и они вспоминали истории о Пророке Мухаммаде, мир Ему. Он приказал соорудить шатры, в которых в течение всего месяца Раби` Аль-Аууаль раздавали продовольствие и подарки. Все ученые и богобоязненные люди одобрили это благочестивое деяние. Во времена Османского халифата, последнего халифата в истории мусульман «аль-маулид ан-наби» был утвержден султаном Мурадом III в 1588 г. как государственный праздник.