«Е-Islam» ел игілігіне жарасын

Бейсенбі, 14 Қараша 2013 14:16
Моңғолия Мұсылмандарының Бас Муфтиі Өсерхан қажы Мұқайұлы
«Е-Islam» ел игілігіне жарасын Бисмиллаһир рахманиррахим Ассаламуғалайкүм уа рахматуллаһи уа баракатүһү! Алланың шарапатымен, Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігі ұжымының бастамасымен интернет кеңістігінде жаңадан қанат қаққан «Е-Islam» (e-islam.kz) интернет-порталын өмірге әкелген абзал жанды азаматтар. Сіздерге бір Жаратушының нұры жауып, Пайғамбарымыздың шапағаты тиісін! Мұндай ислами имандалықтың жаршысы болуға ниет еткен жаңа вебсайттың ашылғанына бір Алланы жад еткен әлем мұсылмандарының бір кішкене бөлігі болып табылатын Моңғолиядағы қазақ бауырластарыңыз да ерекше қуанышта екенін жеткізгім келеді. Жер бетіндегі мұсылмандар, оның ішінде қазақ ұлтының ұлан ұрпақтарына исламның сара жолын нұсқап, әрқилы теріс ағымдардан сақтанып, Алланың аяны, Пайғамбарымыздың өсиеттеріне адал болу қағидаларын бойларына сіңістіруіне осы сайттың тигізер әсері мол. Әрі адамның жан сарайын сәулелендірер қасиеті мол боларына кәміл сенеміз. Бұл сайт біздің, әрбір мұсылманның күнделікті өмірдегі имандылық әліппесі, әр таңдағы адастырмас құбыланамасы бола беруіне тілектес екенімізді білдіре келе, Сіздермен тығыз қарым қатынаста болатынымызға сендіреміз. Бір Алла ниеттеріңізді қабыл алып, жақсы істегі жебеушілеріңіз болсын. Әмин. Ізгі ниетпен, Моңғолия Мұсылмандарының Бас Муфтиі Өсерхан қажы Мұқайұлы Моңғолия. Баян-Өлгей аймағы
Оқылды 21 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper