Талақтың талабын түсiнiп жүрмiз бе?

Жұма, 15.04.2022

Алла рұқсат еткен амалдардың ішіндегі ең сүйкімсізі – талақ. Талақтың талаптары мен шариғат қойған шарттарын түсінбей жүрген жандар көп. Талақ айтпас бұрын некелескен адам талаққа байланысты Құранның аяттарын, пайғамбар хадистерін, талақтың түсінігін, тілдік мағынасын, шариғи үкімдерін, жүзеге асу жолдарын білгені жөн.

Талақ мəселесі тек қана ер мен əйелдің арасындағы қарым-қатынас емес, ол екі əулет, екі ел арасындағы қарым-қатынас. Яғни, жауапкершілігі жоғары, талабы темірдей қатаң мəселе. Өкінішке қарай, бұл тақырыпқа жеңіл қарайтын əсіресе, дəстүрлі емес діни бағыттағы жастар көбейіп кеткен сыңайлы. АХАЖ бөлімшесіне бармай, тіпті, ата-анасының да рұқсатынсыз неке қиылып, талақ  айтылып жатқандары тағы бар.

Олар неке мəселесінде ата-ананың разылығын қажетсінбейді жəне көпшілікке жарияламайды. Осылайша, оңай жолмен қиылған қымбатты некесіне көп ұзамай талақ айтып, келесі бір дін бауырына сыйға тартып жатқандарын да естіп жүрміз. Тіпті, телефон арқылы «талақ» деп хабарлама жібере салғандарын да кездестірдік.

Талақ беруден бұрын ажырасудың алдын алатын қаншама амалдар бар. Мысалы, «Егер, екеуінің арасының ажырауынанқорықсаңдар, ердің туысынан бір төреші, əйелдіңтуысынан бір төреші жіберіңдер. Егер екеуі расыментатулықты қалайтын болса, Алла ол екеуініңарасын жарастырады. Ақиқатында, Алла білуші һəмхабардар» (Ниса,35-аят). Қазақтың ғұрпы бойынша ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып ыдыс-аяқ сылдырлай бастаса, екі жақтан сөзі өтетін, сыйлы адамдары жиналып, ерлі-зайыптылардың арасындағы мəселені шешуге тырысады. Егер екі тарап ортақ мəмілеге келе алмаған жағдайда ғана шарасыздықтан талақ беруге рұқсат етіледі.

Екі дүние сардары, сүйікті пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) əйел адамның нəзік жаратылғандығын, қисық жаратылғандығын талай ескерткен. Оның бойындағы кейбір кемшіліктерге көңілің толмаса, оның жақсы жақтарын еске алу керектігін бізге өсиет еткен. Имам Бұхари мен Муслим жеткізген хадисте ардақты елші (с.ғ.с.): «Əйелдерге жақсы қараңдар. Өйткені, əйел затықабырғадан жаратылған. Ал, қабырғаның ең қисық жері– жоғарғы жағы. Егер, оны түзеймін десең, сындырыпаласың. Ал, тиіспей қойсаң, сол қисық қалпында қалады.Сондықтан, əйелдерге жақсы қараңдар»деген. Кез келген еркек əйел адамды құрметтеп, оның кемшіліктеріне шыдау керек. Бұл Алла елшісінің (с.ғ.с.) өсиеті.

Шариғат шарттарымен сусынданған дана халқымызда «Ері əйелінсыйласа – ердің бақыт тапқаны, ерін елі сыйласа – əйелбақыт тапқаны», «Өз жарыңды жаттай күт – жат көрсін детүңілсін, бір-біріңді қадір тұт – жұрт үлгі алсын, үңілсін» деген мақалдар мен нақыл сөздер қаншама. Бұның барлығы пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетімен астарласып жатыр.

Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, елімізде жүз отбасының отызы ажырасып жатады екен. Əкеге əйел, шешеге күйеу табылар-ау. Ал, балаға өз əкесіндей əке қайдан болсын. Талақ мəселесіне таудай талап пен темірдей тəртіп өлшемдерімен қарағанымыз дұрыс болар.

Айбек АТАШЕВ,

теолог-дінтанушы

Оқылды 771 рет
JoomShaper
Top